Поиск по сайту audaru.kz (результатов )

Поиск осуществлен с помощью Google

Результатов не найдено

Идет поиск. Пожалуйста, подождите...

аудару

Ответы: 1
Просмотры: 2851
0
4123
q
21 дек 2014
Аударма – ел мен елді, тіл мен тілді жақындастыратын, ұғыстыратын, жұғыстыратын, бірін-бірі байытатын, толтыратын алтын көпір. Ол — мәдениеттің, ғылым-білімнің, әдебиеттің, адамдардың ауызекі сөйлесуінің бөлінбес құралы. Аударма – қиын өнер. Оның маңызын түсінген елдер бұл істі өздерінің төл мәдениетін дамытудың, басқа елдермен саяси және рухани алмасуларын қуатты құрал ретінде бағалайды. Аудармашы мамандарын үлкен өнер иесі ретінде, басқа мәдениеттермен байланысты қамтамасыз ететін еңбекккер ретінде қадірлейді.
Тіл – біреу. Қоғамдағы қолданылу саласына қарай оның стильдік ерекшеліктері, өзіне тән терминологиясы болады әрі оны ешкім жоққа шығара алмайды. Кез келген нәрсенің сапалы жазылуы тілдің байлығына, сөздік қорының молдығына, жетіктігіне, қалыптасу деңгейіне, тұрақты терминологиясының болуына байланысты екені даусыз.
Тіл білімі саласында терминдер мен терминологияның алар орны ерекше екені белгілі. Өмірдің қай саласы болмасын термин сөздермен біте қайнасып жатады. Олар халықаралық деңгейден бастап, белгілі бір тілдік ортадағы қолданыста уақыт өткен сайын көнеріп не жаңадан қосылып, толысып отырады. Жалпы белгілі бір саладағы терминнің шығып, қолданысқа енуі өте күрделі үдеріс. Оған қойылатын талаптар да аз емес. Алайда, тіліміз үшін маңызды болып саналатын мәселе өзіміздің төл, ұлттық терминдеріміздің қалыптасуы. Бұл тақырып әр қилы уақытта лингвист ғалымдар арасында түрлі пікірлер тудырып жүрді. Өзге тілдерден қабылданған терминдерге деген көзқарас ерте кезде теріс пікірде болса, бертін келе халықаралық терминдерді қолданудың артықшылығын көрсету кең етек алды. Бұл құбылыстың тілімізге қаншалықты әсер ететіндігі туралы әлі де сараптау керек. Белгілі ғалым Ш.Құрманбайұлы: «Өзге тілдерден сөз қабылдамай, сөз алмасу, термин алмасу процесіне мүлде тосқауыл қойып тастау мүмкін де, қажетте емес. Тілдер арасындағы өзара сөз алмасу қашан да болған, бола да береді. Шет тілдері терминқор қалыптастырудың сыртқы көзі ретінде орнымен пайдаланылса дұрыс, ал ұлт тіліндегі термин шығармашылығын шектеп, өзге тілдерден термин қабылдауға жаппай жол беріп қарап отыру шарасыздық. Тілдің бағын байлайтын, мүмкіндігін шектейтін ондай әрекетсіздіктің жалғаса беруіне немқұрайлы қарауға болмайды» деген[1, 65б].
Баспасөз бетінде соңғы кезде жарияланған, тіліміздің тағдырына алаңдаушылық білдірген мақалаларда тілдің тұралауының басты себебі ретінде аударма аталып отыр. Мақалалар авторларының пікірінше, аудармадан бас тартпайынша, біз туған тіліміздің жағдайын жақсарта алмайтын көрінеміз. Шындығында да, аударма сондай құбыжық па, тұралауымыздың түйіні аудармаға тіреліп тұр ма?
Показать текст полностью
4123
1
1

Ответы
0
3951
a
23 дек 2014
мә мынау нағыз біз жасайтын жұмыс қой, бірақ өте көп )))
Показать текст полностью
Комментировать

Для публикации комментария Вам необходимо авторизоваться
3951
4123