Поиск по сайту audaru.kz (результатов )

Поиск осуществлен с помощью Google

Результатов не найдено

Идет поиск. Пожалуйста, подождите...

Алдар көсе бір күні келе жатса, (помогите перевести на рус, в учебнике сокращенный вариант, спасибо заранее)

Ответы: 0
Просмотры: 2820
0
4201
q
26 янв 2015
Алдар көсе бір күні келе жатса, бір жерден қу жауырын тауып алып, сүйек қайнатып отырған бір-екі қатындарға жолығып, амандасып болып, Алдар көсе «мен бір айла қылайын»! деді. Сөйтіп, қатындарға қарап:
— Құдағай, менің бір шикі етім бар еді, соны қазандарыңызға салып, пісіріп алуға мүмкін бе? — деп сұрайды. Қатындар:
— Мақұл, салып, пісіріп ала ғой, — дейді.
Алдар көсе:
— Сүйектерің етімді жеп қоймаса, —дейді.
— Ойбай, құрысын, ол не сұмдық? Етті сүйек жейді дегенің. Сал, жесе, біздер бір тоқты төлейміз, — дейді.
Сонсын Алдар көсе жеңін көлегейлеп тұрып, қазанға қу жауырынды алдап, салып жібереді. Біраздан соң барып, «піскені шығар» деп, алып қараса, қу жауырынның өзі дейді. Алдар көсе қатындарға қарап:
— Міні, жаңа айтып едім ғой, осындай қылат деп, бер енді тоқтымды, — дейді.
— Құдай-ай, тоба, — деп, сөздерінен тана алмай, қатындар Алдар көсеге бір тоқты беріп жібереді. Алдар көсе өзі:
— Қатындарды құп алдадым-ау, — деп, тоқтысын жетелеп келе жатса, бір байдың ауылына келеді. Байға жолығып:
— Е, бай-еке, асалаума-алейкум, қалай, аман-есен, бала-шағаңыз аман ба? — деп сұрайды. Бай:
— Құдаға шүкір, — деп, қарнын тыр-тыр қасып отырып:
— Е, Алдар көсе, жол болсын! Бұл тоқтың не? —деп сұрайды.
— Е, алай болсын, байеке, несін сұрайсыз, кедей болған соң осыда, пәленше бай былтыр бір тоқтымды алып еді. Соны бүгін алып келе жатырмын, — дейді. Сөйтіп болып, байға айтады:
— Менің тоқтымды қойыңызға қосуға бола ма? — дейді.
— Мақұл, қоса ғой, — дейді.
Алдар көсе тұрып:
— Қойларыңыз тоқтымды жеп қоймаса, — дейді.
— Ой, Алдар көсе-ай, қойды қой жейді дегенің не сұмдың. Қой, сандалмай жібер, жесе, сол жеген қойдың бәрін саған беремін, деді.
Алдар көсе қойларға тоқтысын жіберіп, байдың үйіне қонақ болып, жата берді. Түнде бір ұйықтап тұрып, байға білдірместен көп қойға барып, өзінің тоқтысын ұстап, сойып, он семіз бойдақ қойдың аузына жағады. Жағып болып, сойған тоқтысының етін иттерге тастап, үйге келіп, жатып қалды. Таң атып, күн шыққасын тұрып, шай ішіп болып, байды ертіп, қойға барса, Алдар көсенің тоқтысы жоқ. Бай олай, бұлай қараса, бірталай қойдың аузы — қан. Алдар көсе тұрып:
— Ай, байеке, менсорлының айтқаным әр уақытта да келеді. Кеше-ақ айтып едім ғой, сонда осыны біліп айтып едім, — дейді. Бай тұрып, жағасын ұстап:
— Ой, Құдай-ай, — деп, «бұл не сұмдық», — деп, аузы қан болған қойларды ұстап, қосақтап алып, Алдар көсеге он қой қылып берді.
— Ой, қу жауырыным — бір тоқты,
Бір тоқтым — он бойдақ. , — деп өлең айтып, мұратына жеткен екен дейді

Показать текст полностью
4201
1
1

Ответы

Ответов пока нет