Поиск по сайту audaru.kz (результатов )

Поиск осуществлен с помощью Google

Результатов не найдено

Идет поиск. Пожалуйста, подождите...

Пожалуйста переведите срочно в переводчике не принимается

Ответы: 1
Просмотры: 2532
0
4960
q
29 янв 2016
Таңертең сабаққа барар кезде шешем маған бір кружка сұйқылтым арпа көже ысытып береді. Күні бойғы қорегім сол ғана. Мектептен қайтқанда аштықтан көзім қарауытып, бұралып, үйге зорға жетем.
Кітап салған шүберек сумкамды терезенің алдына үнсіз қоямын да, шапанын үстіне айқара жамылып, төсекте бүк түсіп жатқан ауру шешеме мөлие қарап тұрам.
Шешем бұл келген мен екенімді көрмей-ақ біледі. Басын бұрып қарамастан, ыңырсыған нашар дауыспен пәлен жерде бір уыс қуырған бидай, немесе бір уыс талқан тұрғанын айтып, соны жей ғой дейді.
Бір күні оқудан тағы да ішім ішіме қабысып, әрең келдім. Ауырып жатқан шешеме өлімсірей карадым. ІІІешем үнсіз. Пәлен жерде мен үшін сақталып қойылған бір уыс бидай бар екенін айтпады. Үйде ауызға салар түк қалмағанын бірден білдім.
Бұл бірінші кездесіп отырған жағдай емес.
Шешем бұл келген мен екенімді көрмей-ақ біледі. Басын бұрып қарамастан, ыңырсыған нашар дауыспен пәлен жерде бір уыс қуырған бидай, немесе бір уыс талқан тұрғанын айтып, соны жей ғой дейді.
Бір күні оқудан тағы да ішім ішіме қабысып, әрең келдім. Ауырып жатқан шешеме өлімсірей карадым. Шешем үнсіз. Пәлен жерде мен үшін сақталып қойылған бір уыс бидай бар екенін айтпады. Үйде ауызға салар түк қалмағанын бірден білдім.
Бұл бірінші кездесіп отырған жағдай емес.
Бұндайда мен сол үнсіз-түнсіз қалпымда сыртқа шығып кетем. Өз жанымды өзім бағудың қаракетін ойластырам. Менің сағалайтыным көбінесе, Жекібай үйі.
Жекібайдың менен үш-төрт жас кіші Тілеу дейтін әрі ерке, әрі сотанақтау баласы бар. Әке-шешенің алақанға салып отырған жалғызы. Председательдің баласы болған-
дықтан Тілеу аш болу дегеннің не екенін онша біле қоймайды. Қолына добалдай етіп нан ұстап, жеп жүреді. Құрдан құр берші дегенге ол нанынан бере салмайды, әрине.
Мен асық бояуға, сақаны тесіп, қорғасын құюға, ләңгі жасауға шебер едім. Осы үшін де Тілеудің ісі түсіп, жалыншақтап жүретін. Тілеу, асық боямаймыз ба? Бұл тәрізді жұмыстарды үйінің артында оңашада істейміз. Қолында наны болса, енді Тілеу аямайды, маған сұратпай-ақ мә деп, жарымын үзіп береді. Үйден тағы да нан әкелуге кетеді. Қолым қимылдаған кезде аузым қоса қимылдауын менің жақсы көретінімді ол біледі.
Председательдің үйінде де шашылып жатқан есепсіз нан жоқ. Тілеу нанды шешесінен өзім жеймін деп, сұрап алады.Оның нанды үйде отырып жемей, далаға тұра жүгіруінен сезіктенген шешесі артынан кейде қуа шығып, үйдің артында бұғыншақтап тұрған мені көріп қояды.
- Оңбаған, нанды кімге тасып жүрсің?! А!
Сөйтіп сол күні мектептен қарным аш қасқырша ұлып, үйге әрең келдім. Шешем жатыр төсегінде, үндемейді. Пәлен жерде пәлендей тамақ бар, алып жей ғой демейді. Үйде ауызға салар түк жоқ екенін бірден білдім.Өз күнімді өзім көрмек болып сыртқа шығып бара жатыр едім, шешем тоқта деді. Тоқтадым. Шешем ойбайына сүйеніп басын көтерді. Тамақ жасайтын адамша беті-қолын жуды. Бір жаққа қонаққа баратындай әбдірадан таза жаулығын алып киді.
Мен тосып, қарап тұрмын.
Біздің үйде үлкендігі кітап бетіндей бір қалың айна бар. Шешем сол айнаны бипаздап тұрып сүртті де, шүберекке орап, қолтығына қысты. Сосын мені қолымнан жетелеп үйден шықты. Ауыл совет председателі Батырқанның үйіне қарай келе жатыр. Маған бәрі де түсінікті болды.Батырқанның әйелі есігінің алдында қазанға бауырсақ қуырып жатқанын біз анадайдан көрдік. Шешем амандаса келіп, тізе бүкті. Ошақтағы отты сырып жағыса бастады. Мен тікемнен тік тұрмын. Екі көзім қазандағы қуырылып жатқан бауырсақта.Жас бауырсақтың бұрқыраған иісі қандай!
Бауырсақ қуырылып бітті. Батырқанның әйелі біздің үйге кіруімізді қаламай сол араға бір тостаған алдырды да, бір уыс бауырсақ салып, шешемнің алдына қойды. Шешем одан бір тал ғана ауыз тиді де, басқасын қотарып менің қалтама салып берді. Сосын манадан қолтығына қысып отырған айнаның орауын жазды.
- Мына айнаны Майраң бетін көріп жүрсін деп, әдейі әкелдім. Үйде бір түйір дән қалмады. Бір кішкене ұн бер, балама күлше пісіріп берейін,- деді шешем.Ұсынған айнаны Батырқанның әйелі алды. Бір табақ ұн, бір табақ арпа салып берді. Біз үйге қайттық.
Кітап бетіндей қалың айна біздің үйдегі бірден бір іске татыр мүлкіміз еді. Біз одан солай айырылдық.
Показать текст полностью
4960
1
1

Ответы
-1
4805
a
29 янв 2016
800 тенге
Показать текст полностью
Комментировать

Для публикации комментария Вам необходимо авторизоваться
4805
4960