Поиск по сайту audaru.kz (результатов )

Поиск осуществлен с помощью Google

Результатов не найдено

Идет поиск. Пожалуйста, подождите...

Перевод на русский

Ответы: 1
Просмотры: 3178
0
5058
q
6 мар 2016
Әбікен Бектұров 1901 жылы 25 желтоқсанда Павлодар облысындағы Баянауыл ауданында өмірге келген. Ол кезде балалар ауыл молдасынан дәріс алып, амалы табылса, мектепте оқып, білім іздесе, өмірін Орынбор мен Омбыда жалғастырған. Осындай қиын да ауыр жолдан көптеген қазақтың игі жақсылары өткен. Сол ізді Әбікен де басты. Өзінің жақсы-жаманды ұғып, отызға толған шағында ол Омбы ауыл шаруашылығы институтына түсті. Жаны жақсылыққа, жаңалыққа құмар жігіт ештеңеден тайынған жоқ. Қайыспай алға жүрді. Білім деген терең дарияға түсіп, құлаштай жүзу де оңай емес. Әбікен 1935 жылы Орта Азия мемлекеттік университитінің аспирантурасын үздік бітірді. Одан кейінгі жылдары ол өмірін негізінен ұстаздыққа арнады. Сонымен бірге ғылыми жұмысқа да араласты. Негізгі ғылыми еңбектері минералды тыңайтқыштарды өндіру, минерал тұздарды өңдеу химиясы мен технологиясына арналды. Ә. Бектұров әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде оқытушы, факультеттің деканы қызметтерін атқарды. Ол 1945 жылы қазақ ұлтында тұңғыш техника ғылымдарының докторы атағын қорғаған еді. Қазақтың Ұдттық академиясының академигі болды.
Показать текст полностью
5058
1
1

Ответы
0
4921
a
9 мар 2016
200 бірл. теле 2
Показать текст полностью
Комментировать

Для публикации комментария Вам необходимо авторизоваться
4921
5058