Поиск по сайту audaru.kz (результатов )

Поиск осуществлен с помощью Google

Результатов не найдено

Идет поиск. Пожалуйста, подождите...

орысшаға аударып беріңіздерші

Ответы: 0
Просмотры: 2635
0
5498
q
14 фев 2017
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттары тобының жетім-балалардың, ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың жұмысқа орналасуына, оның ішінде ұйымдарда белгіленген жұмыс орындарының квотасы шеңберінде жұмысқа орналасуына қатаң бақылау жасауға қатысты сұрауларына сәйкес жерлерде тиісті жұмыстарды күшейту қажет деп санайды.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу арқылы қамтамасыз етеді.
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 98-бабына сәйкес жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамау он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет (әрекетсіздік) жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Баяндалғандарды ескере отырып, жұмыс орындарына белгіленген квота шеңберінде адамдардың осы санатын жұмысқа орналастыруға бақылау жасауды күшейту бойынша жұмысты жандандыруды және 2017 жылғы 1-жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы толық ақпарат ұсынуды, оның ішінде:
- экономика салаларының бөлінісінде адамдардың осы санаты үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың толық тізімі;
- квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша ұйымдарға жұмысқа орналасқан білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе олардың қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтардың саны;
- белгіленген квота шеңберінде адамдардың осы санатын жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдаудан бас тарту фактілері және қабылданған шаралар;
- ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына белгіленген квотаны жұмыс берушілердің орындауына мониторинг жасау;
- жұмыс орындарына белгіленген квотаны орындамаған жұмыс берушілерге қатысты қабылданған әкімшілік шаралардың нәтижелері туралы толық ақпарат ұсынуды сұраймыз.
Сұратылып отырған ақпараттарды Министрлігіне ағымдағы жылғы 5 шілдеге дейінгі мерзімде ұсынуды сұраймыз.
Показать текст полностью
5498
4
3

Ответы

Ответов пока нет