Поиск по сайту audaru.kz (результатов )

Поиск осуществлен с помощью Google

Результатов не найдено

Идет поиск. Пожалуйста, подождите...

Переведите на казахский, пожалуйста очень нужно)!! заранее спасибо)

Ответы: 3
Просмотры: 1642
0
5497
q
12 фев 2017
Масляный насос предназначен для создания давления в системе смазки, и тем самым обеспечить смазку движущихся частей двигателя внутреннего сгорания. В системе смазки с сухим картером масляный насос дополнительно выполняет функцию перекачки масла из картера двигателя в масляный бак.

Масляный насос приводится в действие от коленчатого вала или распределительного вала с помощью приводного вала.

По характеру управления масляные насосы разделяются на нерегулируемые и регулируемые. Нерегулируемые насосы поддерживают постоянное давление в системе смазки с помощью редукционного клапана. В регулируемых насосах постоянное давление поддерживается путем изменения производительности насоса. В зависимости от конструкции различают масляные насосы шестеренного и роторного типа.

Масляный насос шестеренного типа представляет собой две шестерни – ведущую и ведомую, размещенные в корпусе. Масло в насос поступает через всасывающий канал, захватывается шестернями и нагнетается в систему через нагнетательный канал. Производительность шестеренного насоса пропорциональна частоте вращения коленчатого вала. При превышении давления нагнетаемого масла определенной величины срабатывает редукционный клапан и перепускает часть масла во всасывающую полость или непосредственно в картер двигателя.

Различают два вида конструкций шестеренных насосов:

шестеренный насос с наружным зацеплением (шестерня около шестерни);
шестеренный насос с внутренним зацеплением (шестерня в шестерне).

При равной производительности шестеренный насос с внутренним зацеплением имеет меньшие габаритные размеры. Масляные насосы шестеренного типа являются нерегулируемыми.

Масляный насос роторного типа объединяет два ротора – внутренний (ведущий) и внешний (ведомый), которые помещены в корпус. Масло всасывается в насос, захватывается лопастями роторов и нагнетается в систему. Также как в шестерном насосе, при необходимости срабатывает редукционный клапан. Указанную конструкцию имеет нерегулируемый роторный насос.

Более совершенной конструкцией является регулируемый масляный насос роторного типа, который обеспечивает постоянное давление во всем диапазоне частоты вращения коленчатого вала.

Для реализации функции регулирования давления в конструкцию роторного насоса добавлен подвижный статор с регулировочной пружиной. Регулирование производится путем изменения объема полости между ведущим и ведомым роторами за счет поворота статора.

Применение регулируемого масляного насоса позволяет снизить величину отбираемой мощности от двигателя (в среднем на 30%), износ масла благодаря меньшей оборачиваемости, вспенивание масла.

Принцип работы регулируемого роторного насоса

При увеличении частоты вращения коленчатого вала двигателя увеличивается потребность в масле и соответственно происходит падение давления в системе. С падением давления регулировочная пружина сдвигает статор, который в свою очередь изменяет положение ведомого ротора. Соответственно увеличивается объем всасывающей полости и повышается производительность насоса.

При уменьшении частоты вращения коленчатого вала двигателя, уменьшается расход масла и повышается давление в системе. За счет повышения давления сжимается регулировочная пружина, которая перемещает статор и изменяет положение ведомого ротора. Это приводит к уменьшению объема всасывающей полости и снижению производительности насоса.
Показать текст полностью
5497
2
1

Ответы
Лучший ответ
0
5262
a
13 фев 2017
Май айдайтын сорғы майлау жүйесінде қысым жасауға және сол арқылы іштен жану қозғалтқышының майлануын қамтамасыз етуге арналған. Құрғақ картерлі майлау жүйесінде май айдайтын сорғы қосымша қозғалтқыш картерінен май багына майды қайта айдау қызметін атқарады.

Май айдайтын сорғыны иінді білік немесе иінді біліктің көмегімен үлестіруші білік әрекетке келтіреді.

Басқару сипатына қарай май айдайтын сорғылар реттелетін және реттелмейтін болып бөлінеді. Реттелмейтін сорғылар майлау жүйесіндегі тұрақты қысымды редукциялық клапанның (қақпақтың) көмегімен ұстап тұрады. Реттелетін сорғыларда тұрақты қысымды сорғының өнімділігін өзгерту арқылы ұстап тұрады. Май айдайтын сорғылар құрылысына қарай тегершікті сорғы және роторлы сорғы болып бөлінеді.

Тегершікті май айдайтын сорғы корпусқа орнатылған екі тегершік - жетекші және жетекті тегершік түрінде болады. Сорғыға май сору арнасы арқылы келіп түседі, онда тегершіктерге түседі және айдау арнасы арқылы жүйеге толтырылады. Тегершікті сорғының өнімділігі иінді біліктің айналу жиілігіне пропорционал болады. Айдалатын майдың қысымы белгілі бір шамаға жоғарылағанда редукциялық клапан іске қосылады және майдың бөлігін сору қуысына немесе тікелей қозғалтқыштың картеріне жібереді.
Тегершікті сораптың екі түрлі конструкциясы болады:

сыртқы ілінісі бар тегершікті сорғы (тегершік тегершіктің маңайында);
ішкі ілінісі бар тегершік (тегершік тегершікте).

Өнімділігі бірдей болған кезде ішкі ілінісі бар тегершікті сорғының габариттік өлшемдері кіші болады. Тегершікті түрдегі май айдайтын сорғылар реттелмейтін сорғылар болып келеді.

Роторлы түрдегі май айдайтын сорғы корпусқа орнатылған екі роторды – ішкі (жетекші) және сыртқы (жетекті) роторды біріктіреді. Май сорғыға сорылады, ротордың қалақшаларына түседі және жүйеге толтырылады. Сонымен қатар, тегершікті сорғыдағы сияқты, қажет болған кезде редукциялық клапан іске қосылады. Реттелмейтін сорғының конструкциясы осы көрсетілгендей болады.
Жетілдірілген конструкциясы роторлы түрдегі реттелетін май айдайтын сорғы болады, ол иінді біліктің айналу жиілігінің барлық диапазонында тұрақты қысымды қамтамасыз етеді.

Қысымды реттеу қызметін жүзеге асыру үшін роторлы сорғы конструкциясына реттеуші серіппесі бар қозғалатын статор қосылған. Реттеу статорды бұру арқылы жетекші және жетекті роторлар арасындағы қуыстың көлемін өзгерту арқылы жасалады.
Реттелетін май айдайтын сорғыны қолдану қозғалтқыштан іріктелетін қуаттың шамасының (орташа 30%-ға), айналымның аз болуының арқасында майдың тозуының, майдың көпіршіктенуінің азаюына мүмкіндік береді.

Реттелетін роторлы сорғының жұмыс істеу принципі
Қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі артқанда майды тұтынуы жоғарылайды және сәйкесінше жүйедегі қысым азаяды. Қысымның төмендеуімен реттегіш серіппе статорды қозғалтады, ол өз кезегінде жетекті ротордың орнын өзгертеді. Сәйкесінше сору қуысының көлемі ұлғаяды және сорғының өнімділігі артады.

Қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі төмендеген кезде майдың шығыны азаяды және жүйедегі қысым жоғарылайды. Қысымның жоғарылауы есебінен статорды жылжытып жетекті ротордың орнын өзгертетін реттегіш серіппе сығылады. Бұл сору қуысының көлемінің азаюына және сорғының өнімділігінің төмендеуіне алып келеді.
Показать текст полностью
Комментировать

Для публикации комментария Вам необходимо авторизоваться
5262
5497