Результатов не найдено
Идет поиск. Пожалуйста, подождите...
Дата регистрации: 14 авг 2013
Последний раз был: 25 ноя 2013
Сколько на сайте: 11 года
4 месяцев
0 недели
Пол: женский
Возраст: 54
Город: Алма-Ата
Страна: Казахстан
Лучшие ответы | 3 |
Репутация | 2 |
Вопросы | 0 |
Ответы | 14 |
Категория | ||
---|---|---|
Домашние задания | 3 | 2 |
Ответ: Кеңес Одағы әлемде ең күшті мемлекеттердің бірі болған.Кеңес Одағының спортшылары, Олимпиадаларда бірнеше рет жеңіске жетті. Жеңіске жеткен спортшылардың көпшілігі Қазақстанда туған. Мысалы, 1964 жылы Токиода өткен олимпиаданың күміс жүлдегері жеңіл атлет Гусман Қосанов, 1972 жылы Мюнхен қаласындағы олимпиадан баскетболшы Алжан Жармухамедов, Қазақстанға бірінші алтын медаль әкелді. Сонымен қатар, күресшілер, Жақсылық Үшкемпіров және Шәміл Серіков, жеңіл атлет Владимир Муравьев пен зіл темір көтеруші Виктор Мазиндер, 1980 жылы Москвада өткен олимпиададан чемпиондар атағын алды. Тағы да штангашы Анатолий Храпатый мен футболшы Евгений Яровенко Сеул-1988 Олимпиадасында жеңісті болды. Ал жеңіл атлет Владимир Муравьев, екінші алтын медалін, 4х100 эстафетасында алды. Сондай-ақ, Кеңес Одағы уақытында Қазақстандағы альпинизм мектебі өте атақты болған. Іле Алатауының етегінде орналасқан альпинизм базасы,Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы арасында ең жақсы деп саналды. Сонымен қатар, Қазақстан спортшылары Кеңес Одағы уақытында керемет нәтижелер көрсетіп, Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін де шеберлігін жетілдіре алды. Бүгін Қазақстанда әр түрлі спорт түрлерінде көрнекті спортшылар мен жаттықтырушылар бар. Көпшілікке мәлім, спорт түрлерінің ішінде футбол, хоккей, велосипед спорты, ауыр, жеңіл атлетика және бокс жақсы дамыған. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін спортшыларымызды Олимпиадаға жіберіп, көпшілігі олимпиадалық алтын медальдармен қайтып келді. Боксер Ермахан Ыбрайымов, ауыр атлет Илья Ильин, жеңіл атлет Ольга Шишигина, шаңғышы Владимир Смирнов сияқты спортшылар, Қазақстандағы спорттың дамуына маңызды үлес қосып келуде. Мысалы, бокстан олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов, Қазақстан Республикасының бокстан Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 2002-2004 жылдары ол, Қазақстандағы бокстан құрама командасын жаттықтырды. Оның шеберлігі мен басшылығы, Бахтияр Артаевқа, 2004 Афина қаласында өткен Олимпиадада үлкен жеңіс әкелді. Сол жылы Бахтияр Артаев, Олимпиадалық ойындардың 69 кг-ға дейінгі салмақта алтын жүлдегер титулын алды. Ольга Шишигина Қазақстандағы мемлекеттік туризм мен спорт академиясының жеңіл атлетика кафедрасын басқарады. Бұл академияда болашақ чемпиондар айналысады. Бұрын Олимпиада ойындарына қатысқан, ал қазір Қазақстандағы спорт болашағы үшін еңбек ететін спортшыларға, өз мемлекетіне аянбай көмектеседі. Осындай қолдауға ие болған Қазақстан спортшылары, 2012 жылы Лондон қаласында өткен Олимпиадада, АҚШ, Қытай және Ресей кейін, командалық есепте 4-ші орынды алды. Кемелдің шегі жоқ, сондықтан мемлекетіміз спортты әр түрлі әдістермен қолдайды. Мысалы, спорт саласында реформаларды өткізеді де, спортшылардың білім алуын қаржыландырады. 2013 жылдың басында, Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ-пен меморандум жасады. Сол меморандум бойынша, спортшылар шетел мемлекеттерде білім ала алады. Бұл мүмкіндіктен пайдалана алатын ең бірінші спортшы - Илья Ильин болды. Ол Лондон қаласында ағылшын тілін оқыды. Қазан айында Серік Сапиев, осы бағдарламамен Англияға барып, топ университеттерінің бірінде спорт менеджментін оқиды. Осындай сәттілік туралы Сапиев: «Осы мүмкіндікті алғаныма ризамын. Болашақта бұл білімді пайдалануға үміттенемін», - деп айтты. Сонымен қатар Серік Сапиев ЮНЕСКО ұйымда елші міндеттерді орындайды. Мысалы, Геннадий Головкинмен ол, Орал қаласының жас спортшылармен кездесу үшін Оралға барды. Батыс Қазақстанның әкімі Нұрлан Ноғаев қуанышты болып: «Атақты спортшылар, жас спортшыларға әрқашан үлгі болады. Бұл спорттың және салауатты өмір салтының насихаты», деп айтты. Одан басқа, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тенниске деген қызығушылығы өте зор. Сондықтан қазына теннисшілерге жақсы жаттықтырудың жағдайын жасап, Қазақстанда үлкен теннистін дамуын қолдайды. Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгін спорт – бүкіл мемлекеттің имиджі», деп дұрыс айтқан. Менің ойымша, Қазақстанда спорттық имидж бен бейне болу керек, және ол әр адамның өмірінің бір үлкен бөлшегі болу керек, өйткені, осылай ғана қазақ елі сау бола отырып, өз мемлекетіне пайда әкеле алады.
Ответ: Бір кездері Азаматтың анасын ит тістеп алды. Содан кейін ол иттен қатты қорқатын болды. Бірде Азамат үйге кішкентай күшік алып келіп, анасынан оны үйде қалдыруын қатты өтінді.Анасы оған қарсылық білдіре алмады. Күшікті үйде қалдыруға рұқсатын берді. Анасының берген рұқсатына Азамат өте қатты қуанды. Бір күні, бізден алыстау жерде тұратын көршіміз ауырып қалды. Азаматтың анасы көршіге бару үшін кішкентай қызын кіммен қалдыруын білмей тұрғанда, күшік, "маған сен"- дегендей аяғына секіре бастады. Анасы кішкентай қызын күшікпен қалдырып, өзі көршісіне жүгіріп кетті. Бірер сағаттан кейін қайтып келсе, қызы күшікпен ойнап отыр екен. Мойнынан құшақтап екеуі анасына қарайды. Осыдан кейін ол күшікті жақсы көріп, қорықпай қызын күшікпен қалдыратын болды.
Ответ: НДС деген сөз толығымен қалай болады.
Ответ: 12.08.2013ж. шығ.№20/1945 хатты орындау барысында, - "Атырау темір жол күзеті" "ӘТЖК" ЖШС-ның филиалы бойынша, "ҰК" "ҚТЖ " АҚ -ның құрамындағы жабдықтар, теңгерімде жоқ.