Көкшетау қаласы Қазақстанның солтүстік бөлігінде, Көкшетау тауының етегінде орналасқан. Ол - Ақмола облысының орталығы.
Көкшетау қаласының іргесі 1824 жылы қаланып, әскери бекініс қызметін атқарды. Сондай-ақ бұл шағын әкімшілік қалада мал өнімі мен егіншілік өнімі айырбас болатын жәрмеңкелер болды.
Бүгінгі Көкшетау - Қазақстанның өнеркәсіптік және мәдени орталықтарының бірі. Қала өнеркәсібінің басты салалары - машина жасау, металл өндеу, тамақ, тігін өнімдері мен құрылыс материалдарын шығару. Мұнда көптеген білім, мәдениет, ғылым ошақтары бар. Қала аумағында шипажайлар, демалыс орындары ашылған.
Көкшетау тауларында қарағай, қайың орманы мол. Аймақтың сексен көлі, оның жағалауларындағы гранит жартастар ерекше сұлу көрінеді.Жерінің көріктілігіне орай Көкшетау аймағын "Қазақстан Швейцариясы" деп атайды.
Елімізге әйгілі Бурабай курорты осында.
Көкшетаудың сұлулығы туралы көптеген ақындардың жырлары, суретшілердің полотнолары бар. Ол көптеген фильмдерде экрандалған.
Көкшетау туризмнің де орталығы. Елеміздің түкпіртүкпірінен, шетелдерден туристер, саяхатшылар, демалушылар Көкшетауға ағылып келіп жатады. Қалада оларға барлық жағдай жасалған

Показать текст полностью