1922 жылы қаланың Ақмешіт аты қайтарылды. 1952 жылдың сәуірінде Қазалорда деп қайта өзгертіліп, Қазақстанның астанасы мәртебесі берілді (1929 жылға дейін). 1938 жылы облыс орталығына айналды. 20 ғасырдың 30-жылдары қалада электрстансысы, диірмен-наубайхайналар, балық өңдеу, күріш, кірпіш зауыты жұмыс істеп тұрды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары аяқкиім фабрикасы, еткомбинаты, астық өнімдері комбинаты, сүт зауыты, целлюлоза-картон зауыты, тоқылмайтын маталар фабрикасы іске қосылды. 1956 жылы қала ургесіндегі Тасбөгет кенті жанынан су бөгеті салынды. 1974 жылы «Қазалорда-күрішмаш» зауыты іске қосылды. Көптеген оқу орындары мен мәдениет ошақтары ашылды. 1996 жылы 8 қазанда ҚР Президентінің жарлығымен «Қызылорда арнайы экономикалық аймағы» (АЭА) құрылды. Оның бағдарламасы бойынша қалада жекешелендіру, акционерлендіру, инвестиция тарту секілді жұмыстар жүргізілді. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен мекемелері құрылды. Өнеркәсіп, сауда, байланыс қатынастары дамыды.
Кейінгі жылдары қаланың келбеті жаңарып, тарихи орындар қайта жаңғыртылды. Жаңа әуежай, аквапарк, сарқырама каналы, жағажай, төрт жұлдызды «Самал» қонақүйі, «Еуразия» кешені салынды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш, Қорқытата, Абылай хан, Амангелді Иманов, Мұхтар Әуезов мүсіндері орнатылған. «Қызылорда таймс» (1994), «Ақмешіт ақшамы» (1997), «Новая Қызылорда» (1998) газеттері шығады.
Аймақтық агроэкология ғылыми-зерттеу институты облыста ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.