Екі ғашық ертегідей,Көлдің көркі — сәні еді.Жүргенімде елге келіп,Ешкімді ертпей қасыма,Кетуші едім көлге келіп,Біраз жатып басында.Көз жіберіп айна көлге,Жағасында жатушы ем;Төсімді ашып жібек желге,Рахатына батушы ем.Келуші едім анда-сандаСаясатсыз тұрмысқа;Біраз тыныштық беріп жанға,Демалуға — тынысқа.Бір күн ерте айна көлдіңКүйін тыңдап, жағалап;Бір ғажабын және көрдім,Қарап жатып жағада.Кең айнадан өзін көріп,Құстар билеп, ойнайды:Су түбінен маржан теріп,Сүңгіп терең бойлайды.Көлді қорып, байғұс қызғышҚыңқылдайды жағалап:Қанатымен жерді сызғыш,Төңкеріліп сабалап.Тау құдірет қалықтайды.Қақсап, жырлап, зарлайды;Сорлы жыршы жалықпайды,Көл сағасын барлайды.
Көктен көлге төңкеріліп,Шаңқылдайды шағала;Бірде жылап, бірде күліп,Жарқылдайды жағалап.Қоңыр күйін қаз күйлейді;Сұқсыр менен қасқалдақ.Әнге салып, би билейдіКегер, үйрек, баспалдақ.Міне осындай көлдің сәнінОлқысынды жүрегім;Іздедім мен аққу әнін —Жүрегімнің тілегін.Көлдің бетін көзбен аңдыпЖұбай аққу көрінбей;Сәулемді іздеп жаттым қаңғыпКөл басында ерінбей.Аққу күйі бір мезгілдеСыңқылдады алыстан;Және бірі шыға келдіЖақындағы қамыстан.Жақындағы көк қамыстанШыққан аққу жырлады.Аққу салған ән алыстанБері жүзіп зырлады.Жалғыз аққу жырақтағыӘнге салды «келем» деп.Сыңар аққу құрақтағыТұрды күтіп, көлеңдеп.Сыңқылдатып, жарып көлді,Жұпар майын жағынып;Жұбайына аққу келдіАлыс жерден сағынып.Бөлек екен екі ғашық,Жайқынға кеп түйісті;Сыпайы ойнап, сыңқылдасып,Тәтті айқасып, сүйісті.Күміс суды жұмсақ сызып,Екі сұлу сыланды;Сылдырлатып моншақ тізіп,Ақ көбікке бұланды.Дөңгеленіп, сәнін түзеп.Айна көлге қаранды;Екі сұлу әнін түзеп,Жуынды да таранды.Екі кербез қатар түзеп,Көлдің келді шетіне:Көлдегі аппақ шашақты үзіп,Иіскей басты бетіне.Иіскеп нәзік иісін жұтып.Көлбеңдеді айнала;Ақ шашақты талдап түтіп,Шашты мөлдір айнаға.Талдап түтіп ақ шашақты,Алып аппақ жұпарын;Ақ тәніне сылап жақтыҚандыруға құмарын.Екі сұлу еркелесті,Бір-біріне жарасып;Тағы нәзік «не-не? десті,Бір-біріне қарасып.Бөліп әсем ойындарын,Екі ғашық сүйісті;Сүйісіп боп, мойындарынМұңайысып иісті.Екі маңғаз ғашық жұбай,Шын сүйіскен жар еді;Мұңайысты неге бұлай,Не қасіреті бар еді?Екі маңғаз еркін өскен,Қосылысқан жар еді;Ертегідей еркелескен,Тағы неге зар еді?Екі сұлу мөлдіресіп,Неге бүгін мұңайды?Бірін-бірі елжіресіп.Неге ақырын сылайды?Дауыстары қалтырасып,Неге нәзік жылайды?Қосылысқан екі ғашықТағы нені сұрайды?Көл ортасы кең жайқыннанКелген аққу бұрылып,Қасіреті іште тынған,Жөнеп берді сырылып.Қыңқылдады қалар ғашықКөздің жасын тыя алмай.Көлбеңдеді о да жасып,Кетер ғашық қия алмай.Қимаса да бірін-бірі,Қайта-қайта қайрылып;Екі ғашық әрең тірі,Тағы кетті айрылып.Екі ғашықтың міне сыры,Қанбаса да құмары.Көл шетінде қалды бірі,Тағы кетіп сыңары.Бір шоқ қамыс жиекте өскенБір мезгілде қалт етті.Қалт етті де үні өшкір,Үндемеске ант етті!Шоқ қамысты жыбыр еткенАққу кербез елер ме?Құрттан қорықса қыбыр еткен,Көл шетіне келер ме?Кешікпеді, шоқ қамыстанЖасыл ұшқын жарқ етті:Ақ түтінмен оқ қамыстанБұрқ атылды, шаң кетті!Кім бүйтті екен көлді жарып?Суық жүрек шіркін-ай!Айна көлді оқпен қарып,Соққандай ғып көктен жай!Аһ!. деді де көл селк етті,Аһ!.. деді аққу: «жаным-ай!»Қыларың оқ қылып кетті;Неге бүйттің зәлім-ай?!Дәл көздеді сұрша мергенШын сұлудың нақ төсін;Селк етті аққу, мұрша келмей,Басып қалды ақ төсін.