Кітап - кымбат дос. Ол сенің айыбыңды ашпайды, сырынды сыртқа шашпайды, саған әр уақытта үндемей көмек көрсетуге әзір. Әрдайым айтқаныңа көнеді, айдауыңа жүреді, міндет қылмайды, ақыл сұрамайды. Бірақ сен де кітапқа қамқор бол. Оны сүй. Оның айтқан ақылын ұқ. Көкейіңе құйып ал. Өзің білген жақсылығыңды жұрттан қызғанба, үйрет.
Кітап - көп ақылдың кұйылған көлі. Ол көпке тарағанда ғана көптің бойына сіңіп, игілікке жұмсалғанда ғана мақсатына жетеді. Кітап - ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы