Екі ғашық ертегідей,Көлдің көркі — сәні еді.Жүргенімде елге келіп,Ешкімді ертпей қасыма,Кетуші едім көлге келіп,Біраз жатып басында.Көз жіберіп айна көлге,Жағасында жатушы ем;Төсімді ашып жібек желге,Рахатына батушы ем.Келуші едім анда-сандаСаясатсыз тұрмысқа;Біраз тыныштық беріп жанға,Демалуға — тынысқа.Бір күн ерте айна көлдіңКүйін тыңдап, жағалап;Бір ғажабын және көрдім,Қарап жатып жағада.Кең айнадан өзін көріп,Құстар билеп, ойнайды:Су түбінен маржан теріп,Сүңгіп терең бойлайды.Көлді қорып, байғұс қызғышҚыңқылдайды жағалап:Қанатымен жерді сызғыш,Төңкеріліп сабалап.Тау құдірет қалықтайды.Қақсап, жырлап, зарлайды;Сорлы жыршы жалықпайды,Көл сағасын барлайды
Показать текст полностью
Для публикации ответа Вам необходимо авторизоваться
Осуществляется вход. Пожалуйста, подождите...