Кішкене кезімізде әр көктем сайын аталарымыз ауылдағы ойын балаларын тегіс жинайтын. Оларға бірнеше ересек жігіттерді басшы етіп, бұлақтардың көзін ашуға жіберетін. Сонда ата-әжелеріміз: "Бұлақтың көзі ашылса, су мол болады.Су мол болса, астық та, шөп те, гүл де жайқалып өседі. Бұлақтың көзін ашсаңдар, тіршіліктің де көзін ашқандарың", - дейтін.
Үлкендер:"Жаңа шыққан көк шөпті, жабайы гүлдерді көктей жұлма, көктей соласың", - деп, жұлұға, таптауға тыйым салатын.
Ата-бабаларымыз жақсылықтың да, жамандықтың да адамға айналып соғатынын жақсы түсінген.