Шетелде білім алып келген жастардың көбісі мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосуда.
Одан кейін елімізде «Назарбаев университеті» құрылды. Бұл – соңғы үлгіде жабдықталған, дамыған мемлекеттердің бағдарламасымен оқытылатын, нағыз маман даярлайтын оқу орны.
Дарынды балаларға арналып салынған – «Назарбаев зияткерлік мектебі» жұмыс жасуда.
«Қазақстан – 2030» стратегиясында: “Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты”, – деп айрықша атап айтылған.
Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатаруында болуға тиіс. Президентіміз сенген үш тілде сөйлейтін, елінің патриоттары болатын азаматтарды тәрбиелеп шығаруда бүкіл қоғам болып қызмет етуіміз керек.
Ынтымақ бар жерде: тәрбие, береке, бірлік бар. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға – ұстаз болса, оны жалғастырушы, қолдаушы – ата-ана және қоғам.