Сенбі, 8 маусым 2013 2:41
Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде депутаттардың Мәдениет және ақпарат, Көлік және коммуникация министрліктерінің және ұлттық телерадиокомпаниялардың басшылығымен кездесуі барысында «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңды іске асыру мәселелері талқыланды.
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов ақпаратты қоғамдық дамудағы стратегиялық мәні жоғары маңызды ресурстардың бірі ретінде атап өтті. Мемлекеттің экономикалық бәсекеге қабілеттілігі, оның ұлттық қауіпсіздігі мен қазіргі замандағы әлемдік жаһанданудағы тұрақты дамуында ақпаратты тиімді пайдаланудың қоғам өміріндегі рөлі өте зор, деді ол.