1899 жылы қазіргі Атырау облысында скважинадан мұнай бұрқағы атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім берді. Қазіргі Атыраудың көптеген мұнайшыларын тоғыстырып отырған Ембі мұнай бірлестігі "Ембімұнай" тресі негізінде кұрылды.
1959-1960 жылдары Ақтөбе облысында ірі Кеңқияқ, Атырау облысында Прорва кенорнын өндірістік пайдалануға беріп, Кеңқияқты игеру басталады.
1993 жылы Қазақстан "Шеврон" фирмасымен (АҚШ)бірлескен "Теңіз-Шевройл" кәсіпорнын құру шартына қол қойылды. Шарт бойынша іздеу, барлау, өндіру істері бірге жүргізіліп, "Теңіз-Шевройл" бірлестігі
30 млрд доллар мөлшерінде күрделі қаржы жұмсап, 97 млрд доллар пайда табу керек.
Кең-байтақ қазақстанда мұнай-газ кен орындарын барлау Батыс Қазақстан (Атырау, Ақтөбе, Орал) өлкелерінде ғана емес, бүкіл Қазақстан жері тұнған байлық екенін анықтады. Соңғы жылдары ашылған мұнай кеңшарлары (Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында)- тәуелсіз еліміздің мұнай өнеркәсібінің одан әрі дамуының, бүкіл дүние жүзіне танымал өркениетті елдер қатарына көтерілуіміздің бірден-бір алғышарты.