Поиск по сайту audaru.kz (результатов )

Поиск осуществлен с помощью Google

Результатов не найдено

Идет поиск. Пожалуйста, подождите...

Помогите с переводом на русский: "Құнанбай Өскенбайұлы, Құнанбай қажы..."

Ответы: 3
Просмотры: 4443
0
2764
q
11 окт 2013
Текст для перевода: Құнанбай Өскенбайұлы, Құнанбай қажы (1804, бұрынғы Семей облысы Шыңғыстау, Ақшоқы қыстауы — 1886, сонда) — би, аға сұлтан Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. Құнанбай жасынан палуан, найзагер болды, қатал да әділдігімен ерекшеленіп‚ әкесі Өскенбайдың тәрбиесінде ел билігіне араласты. 1834 ж. әкесінің орнына Күшік-Тобықты болысының старшындығына сайланады. Осыдан 1856 жылға дейін билік тізгінін қолынан шығармаған. 1846 ж. генерал Вишневскийдің ұлы жүз қазақтарын Ресейдің боданы ету мақсатында жүргізген арнайы экспедициясына қатысты. Экспедиция құрамында болған поляктың саяси қайраткері А.Янушкевич сапарнамалық күнделігінде Құнанбайдың қайраткерлік тұлғасы туралы: “Құнанбай өңірге аты жайылған адам, қарапайым қазақтың баласы. Ғажайып ақыл-ес және жүйрік тілдің иесі. Іскер, аталастарының игілігі туралы қам жейді, дала заңдары мен Құран қағидаларының жетік білгірі, қазақтарға қатысты ресейлік жарғыларды бес саусағындай біледі, қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман. Жұрт пайғамбардай сыйлайды. Одан ақыл сұрауға жас та, кәрі де, кедей де, бай да шалғай ауылдардан келіп жатады. Тобықты руының сеніміне ие болып, болыстыққа сайланған…, әділетсіздік пен дәулеттілердің зорлығына қарсы қалқан болған” — деп сипаттайды (“Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар”, А., 1979).
Құнанбай “Ескі там” деген жерде мектеп ашты. Патша өкіметіне адал қызметі үшін оған 1846 ж. хорунжий атағы берілді. 1849 — 52 ж. Қарқаралы округінің аға сұлтандығына сайланды. Бірақ Шыңғыстың бөктеріндегі қыстау үшін Бөжейге жасаған қысымына байланысты тергеуге тартылып‚ Омбы қаласында мырзақамақта (қамауда) жатады. Қамаудан Дала генерал-губернаторының қазақ істері жөніндегі кеңесшісі, полковник Шыңғыс Уәлихановтың кепілдігімен босанып шығады. Аға сұлтан кезінде Қарқаралы қаласында мешіт салдырды. Арқат-Аягөз бекеті аралығында поштаны тонап, хорунжийді өлтірген Табылды, Үдербай, Әбділда, Түңлікбай есімді қазақ жігіттерін Барлық тауында тығылып жүрген жерінен Аягөз округінің аға сұлтаны Барақ Солтабаевтың көмегімен Құнанбай патша өкіметіне ұстап береді. Осының арқасында оның үстінен жүргізілген тергеу ісі тоқтатылып, хорунжий атағы қайтарылған. ұсталғандар Аягөз қаласыннда дарға асылып, атылғаннан кейін өзінің алданғанын түсінген Құнанбай биліктен бас тартып, қайтып мұндай іспен айналыспауға бекінеді. Омбы архивіндегі “Құнанбай Өскенбаевтың қылмыстық ісі” деген көлемі 1700 беттік тергеу ісінің соңына 1862 ж. Құнанбайдың қажылыққа кетуіне байланысты “істі жабу” туралы Mинскке жолданған хаты тіркелген. Кей деректерде Құнанбай қажыға 1874 ж. барды делінеді. Меккеде 2 жылдан астам уақыт тұрып‚ құдайға құлшылық етушілерге арнап тәккия (қонақүй әрі медресе қызметін атқарған үй) салдырады. Құнанбай — аса күрделі тұлға, билік тізгінін ұстаған кезіндегі қайраткерлігі қарама-қайшылықтарға толы. Ол би, болыс, аға сұлтан кезінде биліктің үш тұтқасын — қазақтың дәстүрлі заңын, патша өкіметінің “Сібір қазақтарына арналған низамын”, шариат жолын қатар ұстанды. Қазақ дәстүрінің негізіне сүйене отырып, оңтайлы шешімдерді жүзеге асырды. Қатал да әділ билік елді тезге салып, жөнге келтіреді деп білді. Барымтаға, ұрлыққа, дінбұзарлыққа, зинақорлыққа қатаң тыйым салды. Заманның ауқымын аңдап, ертеңін болжай білді. Балаларын орысша оқыта отырып‚ мұсылмандықты уағыздады. Медресе салдырып, Әуез, ұабитхан, Кішкене молда секілді шариат білгірлерін аулына көшіріп әкеліп, бала оқыттырды. Сырттай Кенесары қозғалысына қарсы күрескер ретінде көрінгенімен, оған астыртын қолдау жасап, көмек берді. Құнанбайдың бәйбішесі Күнкеден — Құдайберді, екінші әйелі Ұлжаннан — Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан — Халиолла, Смағұл, Кәмшат атты ұл-қыздары туған. Төртінші әйелі Нұрғанымнан туған баласы жасында қайтыс болған. Балаларының ішінде Абайдың болашағынан ерекше үміт күтіп‚ оны 13 жасынан қасына ертіп, билікке баулыған. Абай да әкесінің билік жолын үлгі тұтты. Ел арасында Құнанбай айтты деген нақыл сөздер кең таралған. Құнанбайдың өмірі мен қайраткерлігі туралы деректерді жинап, бір ізге түсірген — М.Әуезов, оның “Абай жолы” эпопеясында Құнанбай бейнесі кеңестік идеологиялық ықпалына сай бұрмаланғанымен‚ жан-жақты сипатталып, шебер сомдалған.
Әкесінің 40 жасынан асқан шағында дүниеге келіп, оның соңғы 40 жылдық өмірін өз көзімен көріпөскен Абай 1895 ж. баласы Әбдірахман дүниеден қайтқанда шығарған «Арғы атасы қажы еді...» деген жоқтау, жұбату өлеңдер Құнанбай туралы бар шындықты айтып, әкесінің ел суйсінерлік ерен тұлғасынжасады. Абайдың суреттеуінше де Құнанбай - ізгі істерімен артына өлмейтін атақ қалдырған, мұнды: шерлі жоқ- ‘’жітіктердің қамқоршысы болған, ақылды, адал, жомарт, әділ адам’’. Құнанбайдың қоғамдық қызметіндегі игілікті қызметінің бірі – оның оқу-ағарту ісіне ерекше мән бергені. Ол өзі дінді мықтап ұстанып қана қоймай, қаратанудың, сауаташудың, ескіше ғана емес, орысша оқудың заман ағымына ете қажетті екенін ұғынып, өз аулынан қазақ балаларына тіл үйретіп, білім беретін училище ашпақ болып, 1845 ж. шекара басқармасына қазақша-орысша сөйлей алатын жазабілетін орыс мұғалімін жіберуді сұрап, хат жолдайды. Шекара бастығы Құнанбайдың бұл тілегін мақұлдайды. Бірақ,екі тілді бірдей білетін мұғалімнің жоқ екенін айтып, тобықты еліндегі тілмәшті қызметтен бос уақытында еңбекақы төлеп, бала оқытуға пайдалануға кеңес береді.

Перевод текста SOYLEM: Кунанбай Ускенбайулы, Кунанбай утомляться(1804, прежний область Семей Шыңғыстау, зимовка Акшокы - 1886, там) - танец, брат овес отец Абая, видный деятель. Кунанбай был лет силачом, найзагер, и строгий обособляясь‚ справедливостью смесился на воспитании отца Ускенбая власти страны. 1834 ж. локализации отца волости Песика-Тобхты старшындығына избирается. 1856 год не выпустил рука из этого поводья власти. 1846 ж. генерал участвовал Вишневскийдің великие сто казахов России специальная, которая водила на цели делания покоренного, экспедиция. Был в составе экспедиции, польский политический деятель А.Янушкевич в дневнике сапарнамалық о личности деятельности Кунанбая: человек, простой дети казаха, которые пасся Кунанбай региону имя. Фантастика сознание и скакуны хозяйка языка. бизнесмен, родственник благополучие о забочусь, улица закон и Куран правило сведущий сведущий, казахский касающийся российский устав пять палец как знаю, черный волосы пополам взрываю танец и образцовый мусульманка. Журт у пророка
Показать текст полностью
2764
1
1

Ответы
0
2778
a
11 окт 2013
Кунанбай Оскенбайулы Кунанбай кажы (это слово добавляется, чтобы указать, что человек совершил Хадж - паломничество в Мекку) родился в 1804 году на зимовке Акшокы, Шынгыстау, бывшая Семипалатинская область,бий, старший султан, видный общественный деятель, отец Абая. Кунанбай с детских лет был борцом, искусно владел копьем, отличался жесткостью, но при этом был справедлив, как настоящий сын своего отца (под влиянием воспитания своего отца) участвовал в управленческой деятельности. В 1834 году был избран старшиной Кушик-Тобыктинской волости, заняв место отца. С этого периода до 1856 года не выпускал власть (вожжи власти) из рук. В 1846 году участвовал в специальной экспедиции генерала Вишневского, цель которой –подданство казахов Старшего жуза России. Входивший в состав экспедиции польский политический деятель А. Янушкевич, в путевом дневнике так характеризовал личность Кунанбая «Кунанбай широко известен в своем краю. Сын простого казаха, предприимчивый , одаренный острым разумом, цепкой памятью, и находчивостью в беседе (красноречием), Человек, который печется о благе своих соплеменников, человек в совершенстве знавший степное право и предписания Корана, знающий ,как свои пять пальцев, все российские уставы, касающиеся казахов, судья, которого невозможно подкупить посулами, правоверный мусульманин» ...
Показать текст полностью
Комментировать

Для публикации комментария Вам необходимо авторизоваться
2778
2764
0
3175
a
4 мар 2014
нефига непонела
Показать текст полностью
Комментировать
0
917
c
4 мар 2014
@Александра Спиридонова, перечитай еще раз. Просто стиль этого текста такой. Если тебе 10 лет, многие слова ты, возможно, еще не знаешь. Возьми текст проще.
Показать текст полностью
Комментировать
917
3175

Для публикации комментария Вам необходимо авторизоваться
3175
2764
Популярные вопросы во всех категориях
перевод