Отбасының әр мүшесінің еңбекпен тапқан табысы олардың ортақ игілігіне, тамағына, рухани мұдделеріне, жол және пәтер ақысын төлеуге, т.б тіршілікке қажетті мұқтажына жұмсалатын қаржыға айналды. Тапқан табысты қажетіне қарай жұмсау - әркімнің өз ықтияры.Алайда, кімнің де болсын табан ақы, маңдай терімен келген табысын орынды жеріне үнемдеп жұмсауы отбасының күнделікті қажетін толық қамтамасыз етіп, отбасының береке - бірлігі мен бала тәрбиесіне де зор ықпал ететінін ескермеуге болмайды. Айталық, үйдегі ересек адамдардың, әсіресе, ата - ананың ақшаға, дүние - мүлікке көзқарасы мен қатынасының ыңғайына қарай, балланың да көзқарасы, мінез-құлқы, әдеттері, тәртібі қалыптасатыны бекер емес.
Ата - ана отбасында күніне, аптасына, айына қанша қаржы жұмсалатының, үйге қанша кіріс кіретінін, не сатып алу керектігі жөнінде баланы қатыстыра ақылдасып, тіршілікке баулып өсіргені жөн.
Ата - ана отбасында күніне, аптасына, айына қанша қаржы жұмсалатының, үйге қанша кіріс кіретінін, не сатып алу керектігі жөнінде баланы қатыстыра ақылдасып, тіршілікке баулып өсіргені жөн.
Показать текст полностью