Энергия қорларының мөлшері
Адамзаттың энергияға деген мұқтаждығы негізінен органикалық отынды пайдалану арқылы қанағаттандырылуына байланысты, осы органикалық отын түрлерінің жер қойнауындағы қоры, оның орналасуы, оны өндіру және пайдалану туралы мәліметтерді инженер-электриктің толығырақ білгені абзал.
Дүние жүзінің отын – энергетика байлығын зерттеп, оның мөлшерін анықтауда көптеген ірі ғылыми коллективтер мен халықаралық ұйымдар үлес қосуда.Солардың ішінде, өнеркәсібі дамыған елдер мен дамушы елдерді біріктіретін Дүниежүзілік энергетика конференциясының жұмысын атап өткен жөн.Соңғы кезде дүние жүзі энергетика балансында мұнай мен газдың орнына көмір мен ядролық отынды көбірек пайдалану қажеттігі айтылуда.
Спасибо