қазақ елі Абаймен мәлім болған
кең даланың тәсіне ақын ойы
куннің ыстық көзіндей қабылданған
өтіріктен жаладан таза сөздер
зұлымдыққа қулыққа жаза сөздер
найзағайдай жарқылдап жалындаған
іші-сырты сәулелі қара сөздер
махаббаттан сауытын киген ұғым
мәңгі нұрдан түйінін түйген ұғым
дүлейлікке қырғидай тиген ұғым
даналықты адамды сүйген ұғым
кеше
бүгін
ертеңді суреттеген
өлеңіне Абайдың тіл жетпеген
қара сөзден шабыт ап шыңнан асып
алға озып барамын мың лекпенен