Информацияны енгізу құрылғыларының негізгілері әрі көп қолданылатындары – клавиатура (key-board) мен «тышқан» түріндегі манипулятор (mouse). Сонымен бірге, қағаз бетінде бейнеленген, электрондық тасымалдаушыға (дискетаға) жазылмаған графикалық және мәтіндік информацияны компьютер жадына енгізу үшін сканер жиі қолданылады. Егер информация дискетаға немесе компакт-дискіге жазылған болса немесе информацияның электрондық вариант дайын болса, онда оны компьютерге енгізу үшін компьютердің дискі қабылдағыштары пайданылады.
Клавиатура (keyboard) дегеніміз сандық, мәтіндік және басқару информациясын қолмен енгізуге арналған, компьютер мен пайдаланушы арасындағы диалогты қамтамасыз ететін құрылғының бірі.
Клавиатураның құрамандағы клавишалар екі топқа бөлінеді: әріптер-цифрлар және функционалдық. Әріптер-цифрлар клавишалары информация енгізуге арналған, ал фунционалдық клавишалар белгілі бір амалдарды орындауға берілетін командаларды енгізу үшін қолданылады. Сонымен, клавиатура информация енгізумен қатар, басқару функцияларын да орындайды.
Пайдаланушының информацияны енгізу мен компьютердің жұмысын басқаруды жеңілдету мақсатымен айрайы манипуляторлар қолданылады. Олардың ең көп тарағаны әрі көп қолданылатыны «тышқан» тәріздес, көпшілік «мышка» (mouse ) деп атайтын құрылғы. «Тышқан» түріндегі манипулятордың барлығының дерлік жұмыс істеу принципі бірдей: тышқан жазықтық бетімен қозғалғанда ол қозғалыс импульстердің тізбегіне айналады. Кнопкаларын басқанда олардың кодтары компьютерге беріліп, тышқанның драйвері деп аталынатын арнайы программаның көмегімен импульстар мен ол кодтар белгілі амаларды орындауды қамтамасыз етеді.
Дербес компьютерге информацияны графикалық түрде енгізуге арналған әрі ең көп пайдаланылатын құрылғының бірі – сканер. Ол құжаттың цифраланған бейнесін құрастырып, компьютер жадына енгізеді. Сканердің жұмыс істеу принципі аса күрделі емес. Сканердің корпусында орналасқан арнайы шамның жарығының сәулесі құжат жазылған бетке түскенде, ондағы бейнелерден әртүрлі шағылыс береді. Шағылған сәулердерді жарық сезгіш құрылғы (датчиктер – өлшеу мәліметін беруші құралдар) екілік кодта бейнеленген информацияға айналдырады. Сканер арқылы енгізілген информация (мәтін, кесте, сурет, график және т.б.) графикалық информация ретінде құрастырылады. Оны кәдімгі құжатқа айналдыру үшін арнайы программалар пайдаланылады.
Информацияны шығару құрылғыларының негізгілері және ең көп пайдаланалытындары дисплей (монитор) және принтер болып табылады. Сонымен бірге, оларға графикалық информацияны шығаруға арналған плоттерлер мен графиктұрғызушыларды, дыбыс шығаруды қамтамасыз ететін арнайы аудиоқұрылғыларды жатқызуға болады.
Дисплей (display – video display) немесе монитор (monitor – video monitor) мәтіндік және графикалық информацияны экран бетіне шығаруға арналған құрылғы.