Поиск по сайту audaru.kz (результатов )

Поиск осуществлен с помощью Google

Результатов не найдено

Идет поиск. Пожалуйста, подождите...

почему текст не переводится пишут все время тут :"Неизвестная ошибка.Попробуйте еще раз"

Ответы: 0
Просмотры: 3139
0
2906
q
3 дек 2013
Компьютерлік жүйелер IBM фирмасының анықтамасы бойынша компьютерлік (есептеу) жүйелер 4 негізгі компоненттен тұрады. 1. есепті мәселе ретінде қойып, соның нәтижесін алатын адам; 2. компьютердің аппараттық жабдықтары (Hardware); 3. деректер, яғни керекті мәліметтер файлы; 4. компьютердің бағдарламалық жабдықтары (Software). Компьютерлік жүйелер немесе деректерді өңдеу жүйелері ұғымдары осы төрт бөлікке адамның қатысуынан тұратын кешен ретінде қарастырылады. Жұмыс өнімділігі. Басқа құралдар мен машиналарды қолданғандағы сияқты, компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі жұмыс өнімділігін арттыру болып саналады. Егер компьютерді есептеу, мәліметтерді өңдеу және текстерді қағазға басып алу істеріне пайдалансаңыз, бір сағат көлемінде көптеген істерді тындырасыз. Мысалы, машинкада текст басатын шебер адам бір минутта 60-тан 80 сөзге дейін немесе 6-8 қатарға дейін текст басатын болса, орташа мүмкіндікті компьютер минутына 1200 қатар баса алады. Бұған қарасақ, бір компьютер 150-200 адамды алмастыра алады деген сөз. Арнайы мәліметтерді өңдеу жылдамдығы. Компьютерді пайдаланудың екінші себебі арнайы мәліметтерді үлкен жылдамдықпен өңдеу болып саналады. Дайындығы мол маман адам минутына 250 сөз оқып шыға алатын болса, компьютер 1000 000 сөз оқи алады екен. Мысалы, Чикаго қаласының телефон анықтамалығы 788 000 адамдар атынан, ал адрестер мен телефон нөмірлерін қоссақ, 32 000 000 қатар мәліметтен тұрады екен. Минутына 250 сөз оқитын адам осы анықтамалықты оқып шығу үшін 250 сағат уақыт жібереді. Ал, орта мүмкіндікті компьютер оны 30 секундқа жетпейтін уақытта оқып шыға алады. Сол себепті телефон станцияларында, анықтамалық іздеу қызметтерінде ЭЕМ кеңінен қолданылады. Дәлдік пен ұқыптылық. Компьютерлік жүйелерді пайдаланудың үшінші себебі – олардың дәлдігі мен ұқыптылығында жатыр. Егер біз компьютерге қатесіз мәліметтер беріп, оларды өңдеудің дұрыс жолдарын көрсетсек, әрқашанда қатесіз, дұрыс анықталған нәтижелер аламыз. Кейде компьютер қате нәтиже берді деп айтылады. Мұндайда компьютердің қателеспейтінін, қатенің себебі мәліметтердің оған дұрыс берілмегенінен немесе оны өңдеу бағдарламасының қате болғанынан екенін ашық айту қажет. 4. Тапсырма.Сөздер мен сөз тіркесін қазақ тіліне аударыңыз. Компьютерная система, компьютерная вычислительная система, система обработки данных, устройство обработки данных, производительность работы, специальные сведения, время обработки, скорость обработки, точность и аккуратность. 6. Тапсырма. Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, жоспар құрыңдар. Жоспарларың бойынша мәтінді толықтыра отырып әңгімелеңдер. 7. Тапсырма. Мәтінді әңгімелеуге қажетті тірек сөздерді, сөз тіркестерін теріп жазыңдар
Показать текст полностью
2906
1
2

Ответы

Ответов пока нет