Ол итальяндықтардың Жаңа жылды қарсы алуын біледі екен.
Италияндықтар Жаңа жыл қарсаңында ешкіммен ренжіспеуге және ешкімге қарыз болмауға тырысады, сондай – ақ ойға алған істің бәрін ескі жылда аяқтап тастағанды жөн көреді. Сосын оларда мынадай қызық дәстүр бар. 31 желтоқсан күні итальяндықтар үйге қажетсіз болып қалған заттарды аулаққа немесе көшеге лақтырып тастайды. Мәселен сынған ыдыс – аяқ, ескі киім, жарымсыз жиһаз дегендей. Бұл – Жаңа жылда дәулетті өмір сүрудің басты кілті деп есептеледі.
Ол жаңа жылда ең бірінші ата – анасына сыйлық алады екен.
Жапондықтар 31 желтоқсан күні қалада да, селода да шіркеуде 108 рет гонг /ұрып ойналатын аспаптың түрі / ұрады. 100 және 8 деген сандар оларда ең сәтті, бақытты деп есептеледі. Халық сенімі бойынша гонг соғылғанда, олар жақсылықтың, ұйықтап қалуға асығады.
Ертеңіне Жапония тұрғындары атып келе жатқан таңды көріп, сәлемдесіп, содан кейін ғана Жаға жыл мерекесін тамашалайды.
Мереке дастарқаны өте қарапайым – ұзын макарон, күріштен жасалған печенье және бүршақ. Макарон – ұзақ өмірді, печенье - ырысты, бұршақ – денсаулықты бейнелейді.
Жапондар да Жаңа жылдық мерекені сыйлықсыз өткізбейді. Ертедегі дәстүр бойынша отбасы мүшелерін, туған – туысқандарды, дос – жарандарды, қызметтес адамдарын сыйлау бар,
Жапондар Жаңа жылға өтіп кетпесін деп, жыл аяғында қарыздарын өтейді, Бұл ертеден келе жатқан дәстүр. Сағат қоңырауы 1 қаңтардың келгенін хабарлап, соға бастағанда, жапондар ішексілесі қатып күледі. Олар алдығы жылда күлкі табыс әкеледі дегенге сенеді.