Тургеневтер әулетінің арғы бабасы шоқындырылған, кезінде Иоанн аталған Лев Тургенев мырза ұлы кінәз Василий Ионновичке Алтын Ордадан келді. Осы Лев Тургеневтің көптеген ұрпақтары Ресей тағына қызмет етті. « АӘЖЕ», 4 том 53-бет. (Ақсүйектер әулеетерінің жалпы елтаңбалығы 1797-1836).
Тургеневтер әулетесімінің негізінде Түрген лақап есімі жатыр. Бқл лақап моңғолдық «жылдам», «жүрдек», «қызба», «беймаза», «дөң мінезді» мағыналы түрген сөзінен, сондақ-ақ Сібірдегі түркі тілдерінде (мысалы: алтай, хақас және т.б.) нақ осы түрінде кездесіп, «жылдам», «жүрдек» мағыналарын беретін түрген сөзінен шыққан.
Қалай болғанда да, бұл сөз Түрген лақап есімі иесіне оның тез, жылдам жүретін қасиетінен гөрі қызба, тез ашуланатын асау мінезіне байланысты берілген сияқты.
Тургеневтер әулетінің көшбасшысы Лав Тургеневтің мырза аталуы Алтын Орданың текті ақсүйекткр қатарынан шыққанын көрсетеді