Киіз үйдің ең сәулетті әсемін ақ боз түсті киізбен жабады.
Бұл түсті қазақтар басқа түстерден артық бағалайды.
Кереге, уық, шаңырақ ағаштары сары қызыл қошқыл түсті жуса деп аталатын минерал бояумен сырланады. Шаңырақты ұзын сырықпен тіреп, көтеріп қояды. Сырық- бақан деп аталады.
Үйдегі ең қастерлі орын –төр. Қазақтардың негізгі тұрағынан басқа тағы бір үйі болады. Оны қос дейді. Қос жылқышыларға немесе көшкенде пайдаланылады, ол бір аттың үстіне сыйып кетеді