Алғашқы мекенжайды, яғни бағытқа тәуелді тәсілді пайдаланғанда, жіберілген хабар алушыға жетуі үшін жөнелтуші пошта өтетін аралық станцияларды білуі тиіс. Ал бағытқа тәуелсіз мекенжайда тек алушы мекенжайы ғана көрсетіледі.
Internet желісіндегі элетронды пошта мекенжайы мынадай форматпен жазылады: тұтынушы @ машина, мұндағы @ таңбасы тұтынушы атын машина атауынан бөліп тұрады. Бұд мекенжай поштаны машина компьютеріндегі тұтынушы пошта жәшігіне жеткізеді. Электронды пошта мекенжайын, мысалы, intkaz@ok.kz деп алсақ, мұндағы intkaz - абонент идентификаторы. @ таңбасының оң жағындағы сөз домен деп аталады, ол тікелей абоненттің орналасқан тұрағын анықтайды. Доменнің құрамындағы сөздер нүктемен бөлінеді. Доменнің оң жақ шетіндегі екі әріптен тұратын сөз мәлімет баратын елдің коды болып табылады, ол - ең жоғарғы деңгейдегі домен. Мемлекеттердің коды халықаралық ISO стандарты бойынша бекітіледі. Мекенжайдағы kz - Қазақстан Республиқасының коды. Кейде жоғарғы деңгейдегі домен ретінде желі атауы да көрсетілуі мүмкін. Мысалы, АҚШ-та жоғары оқу орындарын немесе мемлекеттік мекемелерді біріктіретін желілер бар, сондықтан жоғарғы домен ретінде мынадай қысқарған сөздер қолданылады: edu - Educational institution (мысалы, cs.berkeley.edu), gov Government institutions, т.с.с. Келесі ішкі (төменгі деңгей) домен - мысалда ok - жоғарғы деңгей доменінің ішіндегі нақты атау болып табылады. Жеке домен атауларынан құралған жиын - ok.kz - екінші деңгейдегі домен деп аталады. Ол жоғарғы доменде бекітілген ережелерге сай анықталады.