Абай биыл ғана анық байқағандай. Мұның әжесі бір түрлі әнгімеші екен. Қызық сөйледйді. Әнгімесін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Бірде Абай сырқаттанып жатып, әжесінен әңгіме айтуын сұраған. Сонда әжесі ойланып отырып;
-Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен...-деп, кішкене тақпақтан бастап еді. Абай соны ұғып қалыпты, келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесінің тізесінен ақырын қағып:
-Е-е...Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен...-деп, тағы да әңгімені тілегінен білдіруші еді.
Әжесі әіуелде көп-көп еретегілер айтқан. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әнгіме білуші еді және ол көбінесе сөзді жиі айтатын.