жүргенің.
балам, анада бүтін жан болмайды. оның жаны әрқашан бәләсімен бірге. сен жолға шықсаң жолыңа қарап, сен келгенше мазасы кетіп, қолы іске бармай, дегбірсізденетін анаң. қазақ бабаң: «баланың көңілі далада, ананың көңілі балада» деп, тегін айтпаса керек. балам, анаңды сыиласаң, ең оңай ережені есіңде ұстағын:
ауырмауға тырыс, ауру туғызатын барлық жағдайдан қашық бол, суықтан сақтан, сапасыз тамақтан сақтан, көзсіз ерліктен сақтан, жалған намыстан сақтан, ақылсыз, санасыз қыздардан сақтан, сатып кетер достан сақтан, дұниеқоңыздықтан сақтан, жаман әдеттен: ішімдіктен, темекі тартудан - бәрінен сақтан. олардан басқа мың жақсылық бар, сол жақсылықтардың жанынан табылып жүрсең, аман да боласың, сау да боласың. ата-анаға баласынан басқа бақыттың құны – көк тиын. соны жадыңда ұста.
жалған намыс дегенге тоқтала кетсем: ол - дұшпаныңның намысыңды қоздырып, жамандыққа айдап салуы. сен оны түсінбеи, өзіңнің өміріңе қәуып төндіретін ұрыс-керіс, төбелестің ішіне кіріп кетуің. балам, қашанда сабырлы бол, ашуды ақылға жеңдіре біл. дана халқымыз: «ашу тасыса, ақыл төгіледі, ас тасыса, майы төгіледі» деген болатын.
әке-шешеңді үлде мен бүлдеге орамай-ақ қой, оларды уайымға салмай, қайда жүрсең де хабарласып, өзіңнің амандығыңды білдіріп қойсаң, олар үшін содан артық қуаныш болмайды.
балам, ауырмайтын алланың пендесі жоқ, көбінде суық тиып, тұмауратып ауырады. «кіші-гірім тұмау ғой» деп ескерусіз қалдырма, тез жазылуға тіріс,өзіңді, өзіңнің денсаулығыңды жақсы күтсең, сенің анаңнан бақытты адам болмайды. жәй кезде дегбірсіз ана, баласы ауырғанда жанын қоярға жер таппайды. балам, аман бол, ауырма, рухани сау бол.