Астың дұрыс қорытылуы үшін тістердің сау болуы қажет. Ауру тістер - микробтардың жиналатын орны. Тісті әр түрлі аурулардан аман сақтау әркімнің өзіне байланысты. Құрамында дәрумені және минералды тұздары мол тағамдармен тамақтану тістің беріктігін арттырады. Ауыз құысын әрдайым таза ұстау керек. Ол барлық адамдар үшін маңызды. Егер тістердің арасында тамақ қалдықтары тұрып, уақытында тазаланбаса шіри бастайды. Сондықтан тамақ ішкеннен кейін ауызды міндетті түрде шайып, тамақ қалдықтарынан тазартып отырған дұрыс. Ал тісті пастамен тазалау күніне екі реттен кем болмауға тиіс. Тістің бетін толық тазарту үшін алдымен көлденең, содан соң тігінен ысқылап тазартады. Мұның барлығына 2-3 минуттай уақыт жұмсалады. Тісті тазалып болған соң, ауызды сумен жақсылып шаю керек. Сондай-ақ, тіспен қатты нәрсені шақпау, түйреүіш, ине сияқты заттармен тазаламау керек. Тіс тазартуға қылы жұмсақ щетканы пайдаланған дұрыс. Пайдаланып болған соң щетканы жуып, жақсы кебу үшін басын жоғары қаратып қояды. Әр адамның өзінің жеке щеткасы болу керек және оны төрт ай сайын жаңалап отырған жөн. Тісті және ауыз қуысын дұрыс күту, тіс ауруларын дер кезінде емдету, дәрігердің кеңестерін және алдын алу шараларын орындау - тістің жақсы сақталуын қамтамасыз етеді. Тістің сынған, қабынып ауырған жерін тек маман дәрігер ғана емдей алады. Тісті зерттейтін ғылым - стоматология, ал дәрігер - стоматолог деп аталады.
Показать текст полностью
Для публикации ответа Вам необходимо авторизоваться
Осуществляется вход. Пожалуйста, подождите...