Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пән және денсаулық сақтау жүйесінің іс – тәжірибелік саласы ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулығын сақтап, нығайтуға бағытталған профилактикалық шараларды өңдеп, негіздеуге арналған ғылым.Бұл пән өсіп келе жатқан организмге қоршаған ортаның әртүрлі факторларының әсер етуін зерттеумен және болашақта осы факторлардың организмге әсерін болжаумен айналысады. Сонымен қатар ғылыми мәліметтер негізінде гигиеналық, санитарлық-гигиеналық және санитарлық індетке қарсы ережелер мен нормаларды өңдеп, аурушаң-дықты азайтуға, организмнің қызмет қабілетін жоғарлатуға, балалар мен жасөспірімдердің қалыпты дамуына бағытталған емдеу-профилактикалық және салауаттандыру шараларын қарастырады.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің құрамына ене отырып, гигиена ғылымының жеке бөлімі болып табылады. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы негізгі ерекшелігі сонда, ол ересек адамдардың организмінен сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да айырмашылығы бар, өсіп-даму кезеңдеріне байланысты, толық қалыптасып бітпеген ағзаны зерттейді. Басқа сөзбен айтқанда, гигиенаның бұл саласын өсіп келе жатқан жас ұрпақтардың жас мөлшерлерінің гигиенасы деп қарауға да болады.
Показать текст полностью
Для публикации ответа Вам необходимо авторизоваться
Осуществляется вход. Пожалуйста, подождите...