Топтағылардың бір-бірімен үйлесімділігі жарасса, яғни бір-бірінің мінез-құлқын, қарым-қатынасын жатырқамай дұрыс қабылдаса - онда психологиялық үйлесімнің болғаны. Топтағы моральдық психологиялық ахуал ұғымның да мәні зор. Бұл ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасындағы ортақ тәртіп пен жауапкершілік топтың үйреншікті жұмыс стилі онда ортақ пікірдің орнауы топтың көтеріңкі көңіл-күйі ұжымдық міндеттің нәтижелі орындалуына қолайлы әсер етеді. Тату-тәтті өмір сүретін ұжымда ұрыс-керіс болмайды творчестволық іске білімді терең меңгеру мен сапалы тәртіпке аса кажетті ахуал орнайды, қолайлы жаңдай жасалады.
Показать текст полностью