Портрет дегеніміз не? Адамның адамға қызығушылығы. Тең дәрежедегі әңгіме. Портрет дегеніміз модельдің суретшіге сенуі, ал суретшінің модельден жеке адамды, тұлғаны көруі. Осылайша ерекше жағдай тумақ: екі тұлға шынайы қарым-қатынас жасайды. Бұл идеалда ғана. Алайда, ұқсастық проблемасы да бар. Портрет – ерте пайда болған жанр. Бұл адам баласының өзін көруге құмартқандығынан шығар. Әр түрлі ұғымдар да болды. Египттіктер адам жаны бейнеленген портретке ауысады деп ұққан. Суретші шеберлігінің нәтижесінде кейде салынған портреттен сол адамның өмірден көрген азабын, қайғы қасіреті мен бүкіл жүріп өткен өмірін көруге болады.
Портреттің ерекше басты сипаты оның түпнұсқамен ұқсастығы.
Адамның сырт бейнесімен қатар, оның ішкі жан дүниесін де сезе білуіміз керек. Адамның сартқы болмыс-бейнесіне қоса, ішкі жан сарайын, мінез-құлқын аша білгенде ғана көрермен шығарманың алдында ұзақ тұрып, сүйсіне қызықтайды. Әсерлі сезімге бөленіп, қиялға беріледі.
Портреттер өзінің сипаты жағынан әр түрлі болады. Сәндік портреттер – адамның сұлулығын, әдемілігін, дәріптеу, оны әсемдік пен сәндікке көрсету. Адамдарды күнделікті өмірде көрсету. Ол интимдік, психологиялық портреттер деп аталады.
Ұқсастықты суретші неден іздеуі қажет? Тек табиғат берген дене пішініне ғана ма? Немесе бізді қоғамнан, мәдениет пен уақыттан бөліп тұратын адам баласының «мәнінен» бе? Адам қашан шынайы, өзіне-өзі тең болады? Ең жақсы портреттер ұшқыр көңіл-күймен, ондағы кескіннің игілігімен және ақылдың ұлылығымен ғана емес, натураның, табиғаттың көп қырлылығымен және тағдырдың құбылмалығымен тамсандырады. Суретші астан-кестең әсерден көркемсурет ғарышын, өмір ырғағын бейнелеуге тырысады. Бірақ, суретші салған образ іштей өзіңді түсінетін бейнемен сәйкес келе ме? Осы сәйкессіздіктен сомдалған сурет қуандырып немесе ренжіте ме? Әрқашан «Адам бейнесі – ол әрдайым әлем метафорасы және менің бір нәрсеге ықтимал ұмтылысым» деп есептеу қажет.

Показать текст полностью