Мұражай екi көрме залынан тұрады, бiрiншi залдағы экспозиция Майраның өмiрi мен шығармашылығын толық таныстырады. Мұражайдағы құнды мұражаттардың бiрi Мемориалдық тақта жазуымен көрермендерді көп қызықтырады. Көпес Қыстаубаевтың үйiнiң бұрышында iлулi тұрған, Ленин көшесi, 167 - Майра тұрған үй.
Фото суреттерімен, құжаттарынан басқа Майраның өзi қолданған заттарына келушілер ерекше көңіл аударады. Майра киген қызыл-жiбек камзол - шапан көрсетiлген. Ертеде қазақ тұрмысында, келiндерге арнап тiгiлген. Үлкен келiннен кiшi келiнге мұра ретiнде қалдыру дәстүрi бойынша Майраныкi болып қала берген.
Келесi экспозицияда, мұражайда өтетiн әр-түрлi мәдени шаралар мен кездесу өнер кештерiнiң көрiнiсi көрсетілген. Майраның елiне келген атақты, әйгiлi қонақтар Қазақстанның халық әртісі Ермек Серкебаев, белгілі фольклер-этнограф Юрий Аравин және эстрада әншісі жерлесіміз Меруерт Түсіпбаева сияқты тағы да басқа өнерпаздармен кездесудегi суреттерi iлулi «күнбе-күн» атты мұражай тынысы көрсетiлген.