Біз өзімізге зиян келтіріп алмау үшін сол табиғи байланыстарды танып-білуіміз керек.
Бір кездерде қасқыр, түлкі, қабан сияқты жыртңыш атаулыға қарсы аяусыз күрес жүргізілді, бірақ дәл қасқырдан тазартылған өңірде марал және басқа аңдар ауруға көп шалдығатын болды. Түлкі мен жыртқыш құстар құрыған жерде кемірушілер көбейіп кеткен, сөйтіп миллиондаған астықты індеріне тасып әкетіп көп зиян келтірген.
Егер түтіннен ауа бүлінсе, былғаныш судан өзендер лас-танады, онда одан табиғат қана қасірет тартып қоймайды, адам да ауырып, зардап шегеді. Міне, сондықтан да табиғатты қорғау дегеніміз — адамның өзін-өзі қорғауы деген сөз.