Бұлақтың қайнап жатқан көзіне жақын қазандай бір тасты қойыпты да тасқа
Сонда жолаушы былай ойлайды:
-Бұл жазылған сөз- ақыл сөз екен. Бұлақ күні-түні тынбай ағып, алыс жерлерге барады. Бара-бара кеңейіп, үлкейеді. Бұған жол-жөнекей кішкене бұлақтар қосылып, сөйте бара, үлкен өзен болып кетеді. Бұдан мынадай ғибрат алуға болады. Сондай адал қазмет қыл, еш уақытта жалқауланба, тоқталып қалма, сөйтсең, ақырында сен де үлкейіп, мұратыңа жетесің дегені деп білемін, - деп ойлайды жолаушы.