Адам қолжуғышқа су құйды. Одан кейін беті-қолын сабындап, ұзақ жуынды. Сүлгіге жақсылап сүртінді де, ішке кіріп кетті. - Көрдің бе, - деді сүлгі, - адамдарға менен зор қызмет көрсететіндерің жоқ. Әне, беті - қолын сүртіп едім, тап-таза болып шыға келді. - Ей, надан, - деді осы кезде қолжуғыш шыдай алмай кетіп, - ашуланғаны сондай, қақпағы жерге ұшып түсе жаздады. - Сен несіне ісіп-кеуіп тұрсың? Адам жуыну үшін бірінші кімге келеді? Әрине, маған келеді. Ал мен оны жақсылап жуындырып жіберемін. Сабын да қарап жата алмады: - Менсіз адамның күні бар ма? Әрине, жоқ. Қандай кірің болса да, жоқ қыламын. Сондықтан адамға менен қымбат ештеңе жоқ. Үшеуінің айтысы кешке дейін созылды. Бірінен-бірі қалғысы, жеңілгісі келмеді. Алайда бұлардың қасына кешке дейін ешкім жолаған жоқ, өйткені үйде су таусылып қалған еді.
Показать текст полностью
Для публикации ответа Вам необходимо авторизоваться

Осуществляется вход. Пожалуйста, подождите...