Оқу-ағарту жұмысы қазақстанда ерте заманнан басталған. Орта ғасырдың өзінде көптеген медреселер мен мектептер жұмыс істеген.
Республиканың білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты бірнеше баспалдақтан тұрады: балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби-техникалық училище, арнаулы орта және жоғары оқу орындары, мектептен тыс мекемелер, дипломнан кейінгі білім (магистратура, докторантура), әр түрлі мамандықтар бойынша жетілдіру курстары.
1999 жылы маусымның 7-сінде қабылданған Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңында көрсетілгендей, жалпы білім беру қазіргі кезеңде үш бастапқы мектеп деңгейінде: бастауыш (1-4 сыныптар), толық емес орта (5-9 сыныптар) және толық орта (10-11 сыныптар) болып сатылай жүзеге асырылуда.
Бірінші және екінші сатылы білім міндетті. Ал үшінші сатыны жалпы білім беретін күндізгі немесе кешкі мектептерде, кәсіби-техникалық, арнаулы орта блім беретін оқу орындарында жалғастыруға болады. Орта білім алудың қазіргі кезде жаңа түрлері: белгілі бір пән тереңдетіліп оқытылатын мектептер, гимназия, лицейлер, жеке меншік мектептер көптеп пайда болуда. Қазіргі білім беру міндеттері: жеке адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін насихаттау, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу, т.б.

Показать текст полностью