-Апай,оқитын кітап алайықшы?-деді Дана.
-Алаңдар,алыңдар, маған кітап оқитын оқушылар ұнайды,-деді Рая апай.
Екейі екі әдеби кітапты таңдап алды.
-Кітаптардың көбі жаңа,әлі беті ашылмаған, бүлдіріп алмаңдар-деді апай,
-Кітап адамның досы ғой.Кітап оқығанды ұнатамын,-деді Дана.
Бір апта өткен соң, Дана Майгүлдің үйіне соқты.
-Кітапты оқып болдым. Қызық екен. Сен оқып болдың ба?Болсаң,екеуміз барып өткізейік,-деді Майгүлге.
-Мен де болдым,-деді Майгүл.
Екеуі кітапханаға келіп,кітаптарын өткізді.Рая апай кітапты сөрелерге қоярда ішін көрді.Бір кітаптың парақтары мүлде ашылмапты.Апай бұл кітаптың иесі кім екенін тізімнен қарай бастады.
Кітапты Майгүл алған екен. Бұны көрген соң,апай терең ойға қалды. "Майгүл оқығысы келмесе кітапты неге алды екен?"Таңғалды.