Халық арасында көп тараған музыка аспабы - домбыра . Қобыз да - кең тараған , көнеден келе жатқан ысқышпен ойналатын аспап . Бұдан басқа қамыстан , кейде ағаштан жасалған сыбызғы аспабы болды .
Қазақтың өлең-жыр өнерінде көп тарағаны терме еді . Бұл әр алуан ырғақпен , қысқа қайырып айтатын өсиет , насихат түрінде болды . Ақындар термені суырыпсалып та айтқан . Жыршы-жыраулар болса , эпостық және тарихи поэмаларды , ертегілерді , аңыздарды терме ырғағымен айтқан .