Поиск по сайту audaru.kz (результатов )

Поиск осуществлен с помощью Google

Результатов не найдено

Идет поиск. Пожалуйста, подождите...

Помогите пожалуйста срочно нужен перевод на русский язык

Ответы: 2
Просмотры: 3077
0
4464
q
23 апр 2015
Адамзаттың үшінші мыңжылдыққа енуі табиғи өмір салтының технократтық дамуға алмастырылуымен ерекшеленіп отыр. Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңі әрбір адамның тұрмыс-тіршілігіне, рухани дамуына тікелей әсер ететін жаһандану үрдісімен сипатталады. Жаһандану барған сайын қазіргі әлемдік дамудың жетекші бағдарына және себепшісіне айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда ҚР Парламенті Сенатында бүгінгі «жаңа дүние» мәселелері жөніндегі пайымдарымен бөлісіп, сөз сөйлеген түркі әлеміне танымал тұлға, саясат, қоғам және мемлекет қайраткері, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қордың президенті Намык Кемал Зейбектің пікірінде біршама шындық жатыр. Ондағы ойдың тоқетер түйіні де бүкіл түркі жұртының бірлігі арқасында ұлы күшке айналу, cол арқылы жаһандану үдерісінің теріс ағымына қарсы тұру болып табылады: «Жалпы, адамзат өркениетінің тарихы ең алдымен егіншілік кезеңі деп аталғаны белгілі. Адамзат мыңдаған жылдар бойы егіншілікпен айналысты, кейіннен барып индустрия дәуірі келіп, үш жүз жыл бойғы адамзат тарихы индустриялануға ауысты. Тек 1955 жылдан бастап бүгінгі әлемде жаңа бір кезең үдерісі байқалады. Бұл кезеңді «компьютерлік технологиядан бастау алады» деп айтатындар да бар, олар бүгінгі дәуірді «компьютерлік немесе ақпараттық ғасыр» деп атайды. Шындығында нақты белгілі нәрсе - дүниеде жаңа бір жүйе бар, яғни бүгінгі кезең жаңа бір өркениет үрдісіне еріп отыр және ол бұрынғы өркениеттер сияқты емес. Сонымен бірге, бұл ақпарат ғасырын білім, ғылым ғасыры деуші едік, ендігі мұның нағыз аты – жаһандану болып табылады. Жалпы, жаһанданудың жақсы жақтары да бар – ол адамзаттың дамуына жақсылықтар келтіреді, дамуды оңай жолдарға бастайды. Бірақ абайлау қажеттігін ескертетін теріс жақтары да басым. Расында жаһандану дүниесінің ішіне кірмеу мүмкін емес, біз кірмейміз десек те, жедел дамушы үдеріс өзіне қарай тартып алады. Бірақ жаһандануды жақсы біліп, абайлайтын жақтарын да жете түйсіну қажет» [2]. Демек, осынау тарихи дерттің дендемеуі үшін тегеурінді әрекетке көшіп, халықтың ғасырлар бойы қатталған ұлы мұрасын бүгін мен болашақтың игілігіне айналдыру ең киелі мұраттардың бірі болуға тиіс. Адамзат тарихында ұрпаққа тәрбие берудің жалпыадамзаттық идеяларын жүзеге асырып, жаңа педагогикалық жүйенің қалыптасуында өз заманында Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған әлемге әйгілі ойшыл, ғұлама ғалым, халқымызға білімнің нәрін сепкен ұлттың ұлы кемеңгері Әбу Насыр әл-Фарабидің алатын орны ерекше.
Показать текст полностью
4464
4
1

Ответы
0
4348
a
26 апр 2015
бұл 300 ед. болады
Показать текст полностью
Комментировать

Для публикации комментария Вам необходимо авторизоваться
4348
4464
Популярные вопросы этой категории
перевод
Популярные вопросы во всех категориях
перевод