Поиск по сайту audaru.kz (результатов )

Поиск осуществлен с помощью Google

Результатов не найдено

Идет поиск. Пожалуйста, подождите...

Помогите перевести на русский пожалуйста)Текст большой..

Ответы: 0
Просмотры: 2824
0
4602
q
19 сен 2015
Әнет баба әңгімелері
Шебер шешім, көркем сөздерімен халық арасында шешен атанған Қазыбек би жыл сайын қасына жолдас-жораларын ертіп, өзінің даналық.таңқырлық сөзімен мәлім Әнет бабаға сәлем беріп,кәрі құлақты қариядан тәлім-тәрбие,үлгі-өнеге,тағалым алады екен.Бірде сол әдетімен Әнет бабаның үйіне келіп түседі. Қарт бұрын-ғыдан әжептәуір қартайып қалса да,сыр білдірмейді. Қазыбектің жора-жолдастарын,өзін жақсы қарсы алып,мал сойғызып,қазан көтерді. Сол ауыл маңандағы қариялар,жайсаңдар әңгіме-дүкен құрады. Ертеңіне Қазыбек жол жүруге қам жасап,сапар алдында Әнет бабаға бір ауыз өсиет айтып беруін өтініпті.Бірақ Әнет баба:
-Қазыбекжан-ай,жасы келіп қаратайған,қасынан жар тайған,басынан мал тайған адамнан не кеңес,не өсиет сұрайсың?-деп ештеңе айтқысы кедмейді. Бірақ бірбеткей Қазыбек шешен Әнет бабаның бір ауыз ақылын тыңдамай,еш жаққа кетпейтінін білдіреді. Сонда Әнет баба Қазыбек шешеннің бұл қылығына күле қарап:
-Болмадың ғой,айтатын,-деп сәл ойланып,-"әкім" деген сөзді жадыңда сақта,-депті. Қазыбек Әнет бабаға ризашылығын білдіріп,жора-жолдасын қасына ертіп еліне қайтады. Ол жол-жөнекей өзімен еріп келе жатқан нөкерлерінен:
-Әнет бабаның қандай өсиет айтқанын ұқтыңдар ма?- дейді.Бірақ бұл сұрағына ешкім үндемейді. Сонда Қаз дауысты Қазыбек Әнет бабаның айтқан өсиетін былай деп шешіпті:
-"Ә" дегені-әділ бол,
"К" дегені-күншіл болма,көпшіл бол.
"І" дегені-ілтипатты бол,
"М"дегені-менмен болма,мейірбан бол,-дегені.
Әнет бабаның сол өсиеті ел арасына кең тарап,ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалыпты.
Показать текст полностью
4602
1
1

Ответы

Ответов пока нет

Популярные вопросы во всех категориях
перевод