Адам жанының рухани тазалығы, оның қоғамдағы жеке адамдар арасындағы игі істері мен бауырмалдық, туысқандық, жанашырлық, сыпайылық, әдептілік, сый-құрметтік сезімдерінің бәрі де - адамгершіліктің ұшқыны.
Адамдарды қызметіне, жағдайына, киіміне, сырт көрінісіне қарап бағалау дұрыс емес. Қызмет те, орта да, киім де уақытқа байланысты өзгеретін нәрсе, өзгермейтін тек жан сұлулығы мен жүрек жылуы болуға тиіс. Адамның адамгершілік қасиеті әрқашан биіктен көрінуі парыз. Мәселен, ер адамдар әйелдерге, жасы кішілер өзінен үлкенге, сау адамдар кемтар, ауру адамдарға жол беріп, ізет көрсетеді.
Ел басына күн туған қатерлі жылдары жанын шүберекке түйіп, Отанын, туған жерін, болашағын қорғаған абзал ата-əкелерді, еңбек ардагерлерін, үлкенді сыйлау, құрметтеу, кішілерге қамқоршы болу - біздің абыройлы борышымыз.
Адамгершілік қасиеттерімізге кір келтірмейік.

Показать текст полностью