Үскірік — халық үрлемелі музыка аспабы. Дауысы қыстың аязды күндері соғып тұратын үскірік салқынның ызыңдаған дыбысына келгендіктен ел арасында Үскірік деген атауға ие болған. Үскіріктің дыбыс бояуы сазсырнайдың тембріне ұқсас; дыбыс диапазоны 2-октаваның до, ми, фа, соль ноталары ғана ойналады. Үскіріктің ұзың 12 см, биіктігі 5,8 см, ал үрлейтін тесігінің кеңдігі 7,7 см болса, оның оң жағындағы тесігі 0,5 см, ал сол жағындағы тесігі 0,4 см-дей. Халықтың аңыз әңгімелерінде Үскіріктің тасбақаға, түйеге, құсқа ұқсайтын түрлері болғандығы айтылады; оны көбіне балалар ойнаған әрі жеңіл әндерді орындауға пайдаланған. Қазақтың музыка аспаптары тарихын зерттеуші Б.Сарыбаевтың еңбегі нәтижесінде қайта туған Үскірік аспабы қазіргі уақытта “Отырар сазы”, “Сазген”, т.б. оркестрлер мен ансамбльдерде кеңінен пайдаланылады.
Показать текст полностью
Для публикации ответа Вам необходимо авторизоваться
Осуществляется вход. Пожалуйста, подождите...