Асылы Османды жұртшылыққа таныстырып жату артық болар. Асылыны білмейтін, «Ол кім еді?» дейтін қазақ жоқ шығар. Әйтсе де, өмірдерегін қысқаша айта кеткенді жөн көрдім: Асылы 1941 жылы Оңтүстік Грузияның Азалкалак ауданының Хавет ауылында дүниеге келіпті. Әйгілі репрессия толқыны ол туған үйелменді кіндік кескен жерінен қаймағы бұзылмаған қазақтың қалың ортасынан бір-ақ шығарған екен. Содан… қазақы ауыл, қазақы мектеп, қазақы педучилище, қазақы Қыздар институты (ЖенПИ), қазақ тілін зерттейтін Тіл институты… Бұлардың бәрі – тілзерек тұлғаның азаматтық позициясының қалыптасуына әсерін тигізген түрткіжайттар.
Институттың ол кездегі ресми атауы – Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты болатын. Ол 1969-1973 жж. осы аталған ғылыми мекеменің аспирантурасында оқыды. Көрнекті қаламгер ағамыз Мұхтар Мағауиннің сөзімен айтқанда, «ол кезеңдегі аспирант тап қазіргі академиктен құрметті көрінеді». Тағы бір көрнекті жазушымыз Сәкен Жүнісов: «Қорғамасам да өмірде «М.Әуезовтің аспиранты» деген атақ бәрінен жоғары» дейтін.
Сол күндері…

Показать текст полностью