Әмірқан қол ұстасып, сыпайы амандасып отырды. Әнеугі Шәкеттікінде көрген Әмірқан емес, бұйығы, момақан жігіт.
Әмірқанның бес-алты әнін таңдап алып, сауық күні келуге уәдесін алып, апарып салдық.
Сауыққа өз әлімізше жақсы даярланғанбыз. Клубтың театрын алғамыз. Билет екі күн бұрын қыдыртып сатылған. Жетішатырдың қазақтары қандай тыраш: қатын-қалаш, бала-шағасымен келді — залға сыймай кетті.
Халық мұнша жиылады деген есте жоқ. Мына топты, анау қызметті көрген соң көңіліміз көкке серпіп, аяғымыз сайға тимей жүр. Жұрт у да шу, мәз-мейрам.

Показать текст полностью