Халықта балаға ат қоюдың алуан түрлі дәстүрлері бар. Ата - ана сәбиге ат қоймас бұрын көп ойланып, сан толғанады. Мұның сыры балаға ат қоюдың аса жауапты, аса қиын екенін көрсетеді. Әрине, ата - ана балам жаман болсын демейді. Оның болашағынан үміт күтеді. Халқының аяулы азаматы болса екен деп тілейді. Сондықтан да ат қоюда жас жұбайлар, көбінесе көпті көрген және сый - құрметке бөленген қарт кісілерге алдымен жол берген. Бұл – жас жұбайлардың үлкеннен қорыққандығы емес, қайта оны сыйлағандығы, құрмет көрсеткендігі.
Ат қоюға ата - ананың достары, жолдастары, ағайын - туыстар, жекжат - тары қатыстырылады
Қазақ есімдерінің көбі бізге түсінікті болғанмен, қайсыбіреулерінің мағыналары құпия екені де рас. Көп Адам аттары біздің халқымыздың ежелден ақ дүниенің төрт бұрышындағы халықтармен аралас- құралас, мәдени байланыста болғанымызды аңғартады. Мысалы парсы тілінен Бактияр, Әкім, Хаким "бастық", араб тілінен Хасан - сұм , Диана- ақын, Сәлим, Сәлима - момын, Шарип- әйгілі, тб есімдері алысқан.
Показать текст полностью