Шапан қазақ халқының сыртқы киіміне жатады.Қазақтар шапанды аса бағалайды.Адамға "шапан кигізу","иығына шапан жабу"-үлкен құрмет.Бұрындары хандарбатыр,билерге дәреже бергенде соның белгісі ретінде арнайы тіктірткен шапанды олардың иығына жапқан,түрлі мемлекеттік қатынастарды бекіту белгісі ретінде де шапан жіберетін болған.Ханның өзі киген шапанын сыйға алу-қазақ халқында үлкен мәртебе.Қазақта ат мінгізіп,шапан жабу дәстүрі қазір де бар.
Показать текст полностью