Топ-топ болған атты, арбалы адамдар тұс-тұстан ауылға ағыла бастады. Ауылдың орта шеніндегі ақ боз үйдің маңайында лық толған адам, топтанған арба, ат... кілең бозбала. Бір топ ауыл қыдырып «айттық» алып жүр. Ауыл гу-гу.
- Айт құтты болсын!
- Жақсылығы бірге болсын!
Жер ошақтың басында үш-төрт адамның басы құралып қалды. Бірдеме есітіп бастарын шайқасып отыр.
- Есіл ер-ай, қор болған екен...
Бірден-бірге жайылып хабар ақ боз үйдің маңайындағы көп адамға да жетті.
- Қатыны мен Бәкен кайтыпты...
- Қашан?
- Бүгін.
- Алда, бишара-ай!
- Қайтқандары да дұрыс болған екен, тірідей көр болып еді.
- Айт күні қайтқаны тілеулері дұрыс болған екен бишаралардың.
- Дүние деген осы, жігіттер, - деді ортада отырған бір ақсақалды кісі.
- Едәуір жыл болды-ау. Өгіз өлгеннің басында «айт» болып ат шаптырғанымызда, жиылған адам қанша болса да, бөгелмей- ақ қымызға қандырып шығарып еді. Ақырында бүгін сол Бәкең қатынымен аштан өліп отыр... тұз-дәмін татқан жігіттер, ескеріңдер, еттерінді жеген соң, жаназасын жерге тигізіндер, сауап қой...

Показать текст полностью