1963 жылы М.О. Әуезовті мәңгі есте қалдыру жөніндегі Қазақстан үкіметінің арнаулы қаулысы бойынша құрылған. Музей жазушының соңғы он жыл бойы (1951 - 1961) тұрған үйінде орналасқан. Онда жазушының өмірінен, шығармашылық қызметінен толық мағлұмат беретін аса бағалы тарихи, әдеби материалдарға толы мемориалдық бөлмелер бар. Онда жазушының қолжазбалары, дүние жүзінің 30 тілінде басылған "Абай жолы" эпопеясының нүсқалары қойылған. Музейде жазушы-драматургтың қазақ театрымен шығармашылық байланысын бейнелейтін қосымша павильон бар.
Әуезов музейі жазушының әдеби мүрасын жинау, жариялау, зерттеу жүмыстарын жүргізеді. Музейдің негізгі қоры — Әуезовтің өзінің жеке архиві. Мүнда оның шығармаларының түп нүсқасы түгел сақтаулы