Өтініш – жазбаша, ресми түрде баяндалған, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы құжат. Ол қызметке орналасуда, демалыс сұрауда, жұмыстан шағарда, бір қызметтен екінші қызметке ауысқанда және тағы басқа жағдайларда қандай да бір көмек сұрау мақсатында мекеме басшысына белгілі бір тәртіп бойынша жазылады. Ең алдымен қағаздың оң жақ бұрышына кімге және кімнен екені жазылады. Онда мынадай мәліметтер болуы керек: мекеменің атауы, мекеме басшысының және өтініш иесінің қызметі, атақ-дәрежесі және аты-жөні (барыс және шығыс септіктерінде). Сосын қағаздың ортасында «Өтініш» деген сөз және жаңа жолдан өтініштің мәтіні жазылады. Соңында өтініш иесінің қолы қойылады, күні, айы, жылы көрсетіледі. Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғанннан кейін сол міндетте жүзеге асырылады.
Показать текст полностью
Для публикации ответа Вам необходимо авторизоваться
Осуществляется вход. Пожалуйста, подождите...